"Шипагер" газеті.

Биыл Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығы Республика көлемінде аталып өтілуде. Осыған орай ҚазҰМУ-дың тәрбие ісі жөніндегі басқармада бекітілген жоспарға сәйкес бірнеше мерекелік іс-шаралар қарастырылған. Игі шараның бастамасы ретінде университет Ректорының кеңесшісі профессор Ж.Ғ.Мустафинаның басшылығымен және Қазақстан тарихы, философия, әлеуметтану, саясаттану кафедрасының ұйымдастыруымен 13-сәуір күні Университет кітапханасының оқу залында «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» ұранымен «Ұлы Жеңіске 65 жыл» атты студенттердің ғылыми теориялық конференциясы өтті.
Конференция ашық деп жарияланғаннан кейін ректордың кеңесшісі профессор Ж.Ғ.Мустафина өз сөзінде майданға Қазақстанның әрбір төртінші азаматы шақырылды, әрбір екінші қазақстандық майдан даласынан қайта оралмағандығын, майданға жіберілген он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалғандығын, бүгінде аты аңызға айналған Халақ Қаhарманы Б.Момышұлы және 28-панфиловшылар асқан ерлігі және соғыс өнеріндегі жан қиярлығы үшін Отанның ең жоғарға мәртебесі-Кеңестер Одағының батыры атағын 497 қазақстандықтар алғандығын және олардың ішінде төртеуі екі мәрте алғандар, 11 жерлесіміз Даңқ орденінің үш бірдей дәрежесімен марапатталған олар-бомбалаушы ұшқыштар-Т.Я.Бигельдинов, Л.И.Беда, И.В.Павлов және сынақшы ұшқыш С.Д.Луганский екендіктерін, рейхстаг үстіне жеңіс туын алғаш болып қадаған Р.Қошқарбаев екендігін студенттерге әсерлі жеткізді. Сонымен қатар өзінің «Вести из фронта» тақырыбындағы естелігінен: «Мен соғыс жылдарын бала кезімнен естіп, көріп өскен жанмын. Алматы қаласының орталығындағы тұрғын үйдің ауласынан әр отбасы күнделікті пошташыдан соғысқа аттанған туыстарының үшбұрышты хат немесе қаралы қағазды күтумен болатын. Осы хаттарды оқыған сайын сол күндердің халық үшін қаншалықты қиын болғанын түсінемін. Соғысқа тек әскери адамдар, жауынгерлер ғана емес, зиялы қауым да өз еріктерімен майдан шебіне аттанып жатты. Жеңіс жолына жету үшін олар жауынгерлерге рух беретін концерттер, спектакльдер көрсеткен. Мынау менің отбасылық мұрағатымда сақталған әкем бастап апарған әртістер тобының 60-тан артық концерттеріне берген мадақтау қағаздары және де басқа да хаттары, арнайы сіздерге көрсетуге әкелдім. Олар төмендегідей: Қазақ филормониясының жетекшісі, жазушы Ғабиден Мұстафин басқарған артисттердің майдандық бригадасының берген концерттеріне 1942 жылдың 9 қарашасында № 610-шы әскери бөлімінің басшысы Одарченконың, әскери бөлімнің командирі подполковник С.Турьевтің, саяси бөлімінің командирі, подполковник М.Смирновтың саяси бөлімінің бастығы майор Ш.Садықовтың пікірлері; Алматыда Ғ.Мұстафиннің інісінен үйіне келген «Жауды жоямыз» деген хаты, 1942 жылдың 10-желтоқсанындағы Калинин майданының саяси бөлім армиясынан №31-ші бұйрығымен Әскери Кеңестің мүшесі подполковник Сухаревтың және армия саяси бөлім бастығы Черпоговтың алғыстарын жариялау туралы бұйрығы жарияланған құжаттарымен, Қазақ мемлекеттік филормониясының артистер бригадасының жетекшісі, жазушы Ғ.Мұстафинге Кеңес Одағының батыры генерал-майор И.В.Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық Ленин атындағы Қызыл Ту ордендік атқыштар бригадасына келіп өнер көрсеткендері үшін гвардия дивизиясы командирі Червочьевнің, гвардия дивизиясының саяси бөлімі бастығы подполковник П.Логвиненконың пікірі сақталған, Ғ.Мұстафинге бауыры Ғазиз Мұстафиннің №1342(в) дала почтасынан келген үшбұрышты хаты көрсетілді. Сондай-ақ анатомия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., академик А.Рақышовтың әкесі — «Социалистік ауыл шаруашылығының үздігі» Рақыш Байсеркеннің Қарағанды облыстық партия ұйымының хатшысы Скворцовқа танк колонасын салуға 21 мың рубль ақша аударғандығы жөніндегі өтініші және 1965 жылғы отбасымен Цилиноградта отбасымен түскен фотосы академик А.Рақышовтың жеке мұрағатынан алып көрстелді.
Сөз соңында профессор Ғ.Ж.Мұстафина: «Азат, жасампаз елде гүлдей жайнап, жастықтың базарлы шағын бастан кешкен сендер бақытты ұрпақсыңдар. Мемлекет және біздің университетіміз сендердің терең білім алып, алаңсыз өсулерің үшін барлық жағдайды жасауда. Сендердің міндеттерің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін адами капитал бола біліп, қазіргі талап бойынша әлем деңгейінде үш тілді меңгерулерің»-дей келе конференцияға қатысушыларға отбасылық мұражайынан мадақтау қағаздары мен хаттарын көрсетті.
Сұрапыл соғыс тұсында бала болса да ұмытылмайтын кезеңдерді әңгімелегенде студенттер бар ынталарымен қызыға да, таңдана тыңдады. Келесі кезекте конференцияның бағдарламасында көрсетілген студенттер дайындаған баяндамалар реті тыңдалды. Кеш қонақтары: тәрбие ісі бөлімінің жетекші маманы Р.А.Тьесова, стоматология факультетінің деканы доцент С.К.Зыкеева, университеттің кәсіподақ ұйымының төрағасы проф. У.М.Датхаев өз ойларымен бөлісті. Өз кезегінде кафедра меңгерушісі З.У.Бисембаева Ұлы Жеңіс тарихи Қазақстан халқы үшін ұмытылмас оқиғалардың бірі болып табылатынын, Елбасының Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында соғыс ардагерлеріне баса назар аударып ерекше мән беріп отырғандығын айта келе жиналған қауымды Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерекесімен құттықтап өтті.
Конференция барысында: жалпы медицина факультетінің 058 топ студенті Ә.Түлектің «Өр тұлға батыр бейне» (Б.Момышұының туғанына 100 жыл) баяндамасында Баукеннің қайсарлығы мен ерлігін; фармация факультетінің 103 топ студенті Т.Шалғымбаева «М.Маметова мен В.Иваниловтың университет студенттері қатарынан майдандағы ерліктерін» әртүрлі мұрағаттар арқылы сүйсіне айтса; аталған факультеттің 105 топ студенті А.Курманованың Кеңес Одағының Батыры Р.Қошқарбаетың рейхстахқа алғаш болып ту тіккенін өз баяндамасында дәлелдеп жеткізді; осы топтың студенті А.Стородедов Кеңестер Одағының екі мәрте батыры атағын алған Т.Бигельдиновтің ұшқыш ретінде тапқырлығын; стоматология факультетінің I курс студенті М.Орынбекованың «Ұлы Жеңіске қазақстандық партизандардың қосқан үлесі» тақырыбында Халық Қаhарманы Қ.Қайсенов, Ә.Шәріповтың ұрыс даласындағы партизандық отрядтардың шеберлігін; жалпы медицина факультетінің 044 топ студенті «Д.Күмісбеков ҚазММУ-дің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихы» тақырыбындағы слайдтары, соғысқа қатынасқан оқытушылар мен студенттердің сол тұстағы білім беру мен ғылымның дамуын баяндап берді. Стоматология факультетінің 1-курс студенттері Ә.Ержанов, Б.Байбатшаев, Ж.Әбеновтардың дайындаған қабырға газеті, соғыс кезеңдерінен түсірілген деректі фильмдерден үзінділерді конференцияның басынан аяғына дейін көрсетулерінің өзі олардың қаншалықты отаншыл екендігін дәледеп берді. Конференция соңында жалпы медицина факультетінің студенттері А.Артықов, Д.Сүлейменов ән–жырмен әсерлесе, экономика кафедрасының оқытушысы М.А.Халықов домбырада ойнап тыңдаушыларын бір серпілтіп тастады. Қазақстан тарихы секциясының аға оқытушысы С.Ә.Жолдыбаеваның іс-шараға ерекше атсалысқанын айта кеткен жөн.
Конференцияның көрнекілік жағынан тартымды болуына университет кітапханасы қызметкерлерінің атсалысуымен жасалған «Ұлы Отан соғысына 65 жыл» тақырыбындағы кітап көрмесіне алғыс айтқымыз келеді. Конференцияның жалғасы ретінде профессор Ж.Ғ.Мұстафина бастаған оқытушылар тобы және студенттер 28-ші панфиловшылар атындағы саябаққа барып, гүл шоқтарын қойып, еске алды және естелікке суретке түсті.

Қазақстан тарихы, мәдениеттану, философия, саясаттану,
әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы Ғ.Т.Рсалдина


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *