2Емдеу-диагностикалық және алдын алу жұмыстарын координациялау бойынша бөлім

Бөлім басшысы – Касымова Сауле Жандарбековна. Қызметкерлер: жетекші маман — Кадирбаева А.А., бас маман — Садвокасова М.Б., әдіскер — Жумагулова Д.Б.

Бөлім қызметінің негізгі мақсаты келесілер болып табылады:

  • базаларда клиникалық кафедралардың емдеу-кеңес берушілік жұмысын координациялау;
  • клиникалық кафедралар және клиникалық базалардың өзара қарым-қатынастары бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысы;
  • клиникалық кафедралар және емдеу бөлімдерінің емдеу-кеңес берушілік жұмысын талдау;
  • қажеттілігіне қарай тәжірибелік денсаулық сақтауға емдеу-кеңес берушілік көмекті ұйымдастыру (көшпелі дәрігерлік бригадалар, қайырымдылық профессорлық-оқытушылық құрамының кеңес-берушілік қабылдаулары және тағы басқалары);
  • Университет клиникалық кафедраларының емдеу-кеңес берушілік жұмысының көлемі бойынша жылдық есептер дайындау;
  • клиникалық кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамының емдеу-кеңес берушілік жұмысы сапасына азаматтардың шағымдарын қарастыру;
  • Университет студенттерін медициналық қамтамасыз етуді бақылау және егулер, алдын алу тексерулер жүргізу;

Бөлім қызметінің негізгі міндеті:

  • Клиникалық базалардағы клиникалық кафедралардың емдеу-кеңес берушілік қызметін координациялау;
  • ПОҚ және студенттердің медициналық қамтамасыз етілуін бақылау.