Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі.

С.Ж Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің базасындағы Жастар Денсаулық Орталығы шеңберінде Университеттің Даңқ залында Дүниежүзілік темекіге қарсы күнге орай 2011 жылдың 31 мамыры күні «Ел жастары шылым шырмауынан азат» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция болып өтті.

Конференцияның ашылу салтананатына Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің директоры, профессор Қ.А Төлебаев, ДДСҰ эксперттері Арун Нанда, Валентина Балтаг, Нұр Отан ХДП Жас Отан жастар қанатының идиология бөлімінің жетекшісі А.М Дүйсенбиев, Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігер волеологы Л.А Қаражігіт, Нұр Отан ХДП Жас Отан жастар қанатының Алатау аудандық атқарушы хатшысы Н. Нағашыбеков, Нұр Отан ХДП Жас Отан жастар қанатының еріктілерді оқыту орталығыны жетекшісі А. Байзаханов, ЕСК жетекшісі А. Амиреев, ЖДО жетекшісі Б.А Мусаева, «Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының доценті У.А Абдукаюмова, аға оқытушылар М.А Рамазанова, А.М Рахметова, ҚДСМ жетекші маманы В.Ю Байсугурова, ДМО жетекші маманы В.Б Тен, «Денсаулық адвокаты» клубының уйлестірушісі А.М. Раушанова қатысты.

Бағдарлама бойынша қонақтарға, қатысушыларға алдын-ала тестілеу жүргізіліп, материалдар таратылды. Тақырыпқа байланысты төмендегідей баяндамалар тыңдалып, талқыланды:

  1. «Шылымның шығу тегі» — ҚазҰМУ 1 курс студенті Құрманбай Маншүк;
  2. «Шылым шегу- арсыздық» — Нұр Отан ХДП Жас Отан жастар қанатының идиология бөлімінің жетекшісі А.М Дүйсенбиев;
  3. «Шылымның зияны» — ҚазҰМУ 1 курс студенті Заманбек Оспан;
  4. «Темекі– атадан қалған ас па?» — Нұр Отан ХДП Жас Отан жастар қанатының Алатау аудандық атқарушы хатшысы Н. Нағашыбеков.

Студенттер мен Г.Титов атындағы орта мектептің 9.В. сынып оқушыларының қатысуымен «Біз темекіге қарсымыз», «Зиянкеске сот» тақарыбында ойындар мен көріністер көрсетіліп, «Шылым шегу зиян» деген атпен темекінің адам ағзасына зияндылығын дәлеледейтін эксперимент жүргізілді.

Конференция жұмысына «Жалпы медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультеттерінің 1,2,4 курс студенттері, ТОР-100, магистранттар, ЕСК және ЖДО еріктілері, Г.Титов атындағы орта мектептің . 9 «В» сынып оқушылары белсене атсалысты және барлығына естелік сыйлықтар мен сертификаттар табыс етілді.

Өткізілген ғылыми-танымдық конференция жастар арасындағы салауатты өмір салты мен мінез-құлқын қалыптастыруға, ҚР да еріктілер қозғалысын жандандыруға, сонымен қатар жастардың білімін шыңдауға өз септігін тигізері сөзсіз.

Поисковые слова:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *