Жаңалықтар.

2018 жылдың 19 ақпан күні № 7 жатақхананың оқу залында жастар саясаты басқармасының тәрбие жұмысы және әлеуметтік қолдау бөлімінің бас маманы Р. Жармағанбеттің ұйымдастыруымен «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы оқытушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауының студенттер арасында талқылауы болып өтті.

Жиынның басты мақсаты – кезекті Жолдауда қойылған міндеттерді білім алушыларға дұрыс түсіндіру және насихаттау болып табылады.

Кафедра доценті Ғ. Рсалдина Жолдау бойынша дамыған 30 елдің қатарынан көріну үшін елімізде жасалып жатқан жұмыстар мен мүмкіндіктері туралы жалпы мағлұмат беріп,. еліміздің болашағы үшін атқарылып жатқан игі істер екендігін атап өтті, ал осы кафедраның аға оқытушысы Мәлік Ғалым Жолдауда көрсетілген негізгі 10 міндеттің әрқайсысына жекелей тоқталып, дамыған елдердегі жағдайлармен салыстыра отырып, түсінікті түрде әңгімелеп берді.

Жастар саясаты басқармасының қызметкері Р. Жармағанбет ел болашағы жастардың қолында екенін айта келіп, Жолдауда көрсетілген 10 басымдықты атқаруға жан-жақты терең білімді, мақсатшыл, зиялы, мәдениетті адам үлгісін ұстана отырып, ғылыммен шұғылдану, замануи технологияларды игеру арқылы өз үлестерін қосатындарына сенім білдірді.

Жастар саясаты басқармасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *