Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі, Хабарландыру.


Оқу үрдісін күшейту, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы аралас пәндердің оқу бағдарламасын интеграциялау, сонымен қатар жоғары білікті маман дайындауда ғылым, білім, тәжирбе бірлігін қамтамасыз ету және ҚР медициналық ЖОО әріптестік қарым-қатынасты дамыту мақсатында С.Ж асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде, Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде 2011 жылдың 6-11 маусым аралығында ҚР медициналық оқу орындарының магистранттары, доктаранттары, жас ғалымдары, оқытушылары (35 жасқа дейінгі) үшін «Қоғамдық денсаулық сақтаудың таңдаулы сұрақтары» тақырыбында Екінші Жылсайынғы Жазғы Мектеп оқулары өтеді

Екінші Жылсайынғы Жазғы Мектебінде келесі мәселелер қаралады: Қоғамдық денсаулық сақтау: мәселелері, келешегі; Әлемде және Қазақстанда Алғашқы медико-санитарлық жәрдемнің дамуы; ҚР-ның халыққа сапалы медициналық көмек көрсету саласындағы заңнамалары, халыққа сапалы медициналық көмек көрсетудегі этикалық аспектілер; жетекшілердің тәуелсіз сараптама жүргізудегі тәжирбесі; медициналық мекемелердегі ішкі аудит жүйесі; медициналық мекемелерді басқарудағы емделушіге бағытталған технологияның халықаралық стандарттары.

Екінші Жылсайынғы Жазғы Мектеп жұмысына қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы халықаралық және ұлттық деңгейдегі ғалымдар мен мамандар (USAID, EPOS) қатысады.

Өткізілу уақыты: 06-11 маусым. сағат 09.00.

Өткізілу орны: С.Ж Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі №118 конференц-зал.

Мекен –жай: Алматы қаласы, Толе би көшесі, 94, Ректорат, 1 қабат.

 

 

Поисковые слова:


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *