Жаңалықтар.

Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаменті

  

Үстіміздегі 2015 жылдың 25 ақпан күні  «Егіз-лебіз» байқауының екінші кезеңі Ұлы Жеңістің 70-жылдық мерейтойына арналып өткізілді.  Оқытушылар мен студенттер жұбынан құралған   байқауға қатысушы өнерпаздар соғыс жылдарындағы әндер мен Отан қорғаушы жауынгерлерге арналған әндерді көрермен қауымына тарту етті. Жалпы алғанда, байқауға қатысушылар өте жоғарғы дәрежеде өнер көрсетіп, әнді орындау шеберліктерімен көрермен қауымның жүрегіне жол тарта білді. Қатысушылар  байқауға үлкен жауапкершілікпен дайындалған, әр әннің мазмұнына қарай слайд дайындалып, студенттердің қатысуымен көріністер, билер пайдаланылды. Байқаудың үшінші кезеңінде өнерпаздарымызды тағы да бір ерекше қырынан байқайтын боламыз. Университетіміздің көрермен қауымын, үшінші шешуші кезеңге шақырамыз. Бұл күні байқау жеңімпаздары анықталып, марапаттау рәсімі өткізіледі.

Келіңіздер, көріңіздер! Көрермен қауымының жылы ілтипаты, қолдау көрсетуі  қашанда қажет.

                                                                                                      Көркемдік жетекші С.А.АпсаттароваIMG_6472


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *