Жаңалықтар.

10 қараша 2010 жылы салтанатты түрде тұсауы кесілген «Денсаулық адвокаты» клубының негізгі мақсаты — науқастардың құқығын қорғау мақсатында білім және тәжирбелік дағдылар алмасу және оны іске асыру механизмдерінің бірі студенттер арасында дөңгелек үстелдер өткізу болып табылады. Осыған орай 2011 жылдың 5 қаңтары күні Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ұйымдастыруымен, аталған мектептің мәжіліс залында «Денсаулық адвокаты» клубының аясында университеттің жастар ұйымдарының, атап айтқанда ТОП-100, пікірсайыс клубы, магистранттар, студенттердің қатысуымен «Әлемнің озық мемлекеттеріндегі науқастар құқығы мен Қазақстан Республикасындағы науқастар құқығын салыстыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ең алдымен университеттің жастар ұйымдарының тарапынан «Денсаулық адвокаты» клубының логотипі ұсынылып, қаралды. ТОП-100 ұйымының атынан аталған ұйымның жетекшісі Бақытжанұлы Абай АҚШ, Англия, Ресей елдеріндегі науқастардың құқығы жөнінде қең көлемде баяндама жасады.

Өз кезегінде 1 курс магистранты Абдыкерова Мадина Қазақстан Республикасындағы науқастар өз құқығын заң шеңберінде қалай қорғай алатындығы туралы баяндап берді. Баяндамада соңы қызу талқылауға ұласып, қатысушылар өркениетті елдердің науқастардың құқықтары жөніндегі кейбір тәжирбелерін біздің елге де қолдануға болатындығын, ол үшін заңнамалық тұрғыда өзгерістер керектігін сөз етті. Дөңелек үстел соңында сөз алған шараның ұйымдастырушысы әрі модераторы, денсаулық сақтау саясаты және басқару кафедрасының оқытушысы А.М. Раушанова қатысушыларға алғыс айтып, алдағы уақытта да «Денсаулық адвокаты» клубының аясында бірлесіп іс-шаралар атқаратынына сенім білдірді.

ҚДСМ әдіскері Рустемов Б.Т.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *