Хабарландыру.

Жыл сайын 31-ші мамырда ДДҰ Дүниежүзілік темекісіз күнді атап өтеді, соның шегінде темекі пайдалану салдарынан денсаулықа келетін қауіпке назар аудартылады, әрі оны қолдануды азайту саясатының нақты шаралары насихатталады. Темекі шегу Жаһандық деңгейдегі өлім себептерінің (гипертензиядан кейінгі) екіншісі болып табылады және қазіргі уақытта бүкіл әлемде он ересектің біреуі осыдан өледі. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ еліміздегі медициналық Жоғарғы Оқу Орындары арасындағы әлеуметтік денсаулық сақтау мәселелері бойынша көптеген іс- шаралардың бастаушысы болып отыр. Өткізілетін дөңгелек үстел, қала жастары арасында шылым шегудің зиянын, алдын- алу шараларын ұйымдастыру бағытында ықпалдаса жұмыс істеуді көздейді

Басталуы: 31 мамыр, сағат 14.30

Орны: Алматы қаласы,  Төле би көшесі 94 (С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің №1 оқу ғимараты, Х.Досмухамедов атындағы ҚДСМ конференц залы)

Қатысушылар: Алматы қаласының Жоғарғы және Орта Оқу Орындары, ҚР жастар ұйымдары

Ұйымдастырушылар: С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ СҒҚ, ЕСК, Х.Досмұхамедов атындағы ҚДСМ-нің  ЖДО.

Қолдаушылар: «Нұр Отан» ХДП-ның АҚФ, «Жас Отан» ЖҚның АҚФ.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *