Жаңалықтар.

Баспасөз хабарламасы

Дөңгелек үстел: «Қазақстан Республикасында қоғамдық денсаулық сақтау ісін дамытудың мәселелері және келешегі. Денсаулық сақтау менеджерлерін даярлаудағы компотентті қадамдар»

Өткізілетін орны: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы қаласы, Төле би көшесі 94, Ректорат ғимараты, 1 қабат, сол қанат, №118 аудитория.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі, тел.: 8 (727) 292-69-69 (ішкі 310).

e-mail: vbaisugurova@mail.ru, v.ten@ksph.kz

Өтетін уақыты: 14.00 – 17.00 сағат

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің базасында 2011 жылдың 8 сәуірінде «Қазақстан Республикасында қоғамдық денсаулық сақтау ісін дамытудың мәселелері және келешегі. Денсаулық сақтау менеджерлерін даярлаудағы компотентті қадамдар» тақырыбында дөңгелек үстел өтетінін хабарлаймыз.

Мақсаты: Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау ісін дамытудың келешегін және денсаулық сақтау менеджерлері институтын құрудың негізгі жолдарын анықтау.

Қатысушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, «Астана-медициналық университеті» АҚ, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Семей мемлекеттік медицина университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы, Жоғарғы қоғамдық денсаулық сақтау мектебі, Республикалық медицина колледжі.

Еліміздің нарықтық экономика кезеңіне өтуі мен әлемдік қауымдастықпен тығыз қарым-қатынас орнатуы денсаулық сақтау ұйымдарын басқаруға экономикалық және әлеуметтік-психологиялық әдістер мен менеджмент және маркетинг принциптерін енгізудің қажеттілігін көрсетіп отыр. Денсаулық сақтау саласындағы реформалардың табысты жүзеге асуы өз кезегінде орталықтандырылған басқару жағдайына тән ұйымдастырушының рөлін менеджер, басқарушыға алмастыруды талап етіп отыр. Бұл бағытта басқарушы мамандарды даярлау, қайта даярлау, кәсіби біліктілігін көтеру басты маңызға ие екені белгілі.

Медициналық мекемелердің қызметінде тиімді жетістіктерге жету үшін басқару қызметінде прогрессивті технологияларды енгізу керектігі ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасында да атап көрсетілген.

Қазіргі кезеңде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық мамандармен бірлесе отырып денсаулық сақтау саласы жетекшілерін даярлау жөніндегі жағдайға сараптау жүргізді және денсаулық сақтау саласы менеджерлері институтын дамыту бойынша жоспарлар әзірлеуде. Медициналық ұйымдарды шаруашылық жүргізу құқығындағы мекемелерге кезең-кезеңімен ауыстыру жоспарлануда. Бұл үшін медициналық ұйымдардың жетекшілерін оқыту басталды және 1618 маманды оқыту межеленуде. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ базасында 783 Алғашқы медициналық санитарлық көмек мекемелерінің және аудандық, қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі ауруханалық ұйымдардың басшылық құрамы оқытудан өтетін болады.

Дөңгелек үстел жұмысының шеңберінде қоғамдық денсаулық сақтау саласының мамандарын және денсаулық сақтау менеджерлерін даярлаудағы қордаланған проблемаларды, олардың рөлі мен орнын, білім беру компетенциясы мен келешегін талқылау жоспарланып отыр.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *