Алматы қаласының 1000 жылдығында - 1000 мейірімді іс.

      Алматы қаласының 1000-жылдығына 1000 қайырымды істер            

           Нутрициология кафедрасының «Балаларға — өмір сыйла»

   «Донор күні» акциясы бойынша есебі 

           26 және 30 мамырда 2016 жылы ҚазҰМУ нутрициология кафедрасы, Әлеуметтік-тәрбие жұмысы бойынша басқармасы  Республикалық.қан құю Орталығымен бірге «Балаларды қорғау күніне» орай, «Балаларға — өмір сыйла»  акциясын өткізді. Шара «Алматы қаласының 1000-жылдығына 1000 қайырымды істер» ауқымында ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты — Университеттің Ақсай клиникасында қазақстанның барлық өңірлерінен келіп емделіп жатқан  балаларға қайырымдылық көмек көрсету.

Университеттік «Аксай» клиникасында жыл сайынғы жаңа күрделі операциялар  жүргізілуіне байланысты, қан компоненттері мен препараттарына мұқтаждық жоғарылап отыр. Өйткені, балалар арасында көп жағдайда ренальды анемия, тамырішілік диссиминирленген синдром асқынуы дамитын, жедел және созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен сырқаттанғандар пайызы ұлғайып отыр. Сондай-ақ, университеттік клиникаға Қазақстанның барлық аймағынан келіп, балалар ем қабылдайды.

«Алматы қаласының 1000-жылдығына 1000 қайырымды істер» қайырымдылық жобасына қолдау көрсеткен ерікті-студенттердің ағымы өте көп болды. Осындай игі шараға кураторлар, тьюторлар және басқа ұйымның қызметкерлері де балалар үшін белсенді ат салысты.

 Акция барысында нутрициология кафедрасының доценті Хасенова Г.Х., №1 балалар аурулары кафедрасының ассистенті Сагимова Р.Ш. дұрыс тамақтану және әсіресе анемия кезіндегі тамақтану жайлы кеңес берді. Республикалық қан құю Орталығының мобильді оперативті бригадасы жоғары деңгейде тынбай қызмет көрсетті. Екі күн ішінде 130 адам қабылдап, оның ішінде басым бөлігі дәрі-дәрмектер қабылдау (аспирин, гормоны т.б.), жүктілік, анемия, гепатит т.б. қарсы көрсеткіштерге сай, тізімнен шығарылды.  Донор күнінде 86 донор қан өткізіп,  жалпы 30 л донор қаны жиналды.

Донор қаны – бұл науқастар үшін оларды емдеудегі ешбір теңдессіз емдік зат.  Өмірде көп жағдайда мол қаражаттың, қымбат медициналық  аппаратура, дәрі-дәрмектің болғанына қарамастан, пациент өмірін дер кезінде құйылған бір тамшы қан құтқарады. Тек қажет топтағы донор қаны өмірді ұзартады. Біздің университетіміздің жастары мен ПОҚ-ы, аса маңызды қомақты үлес қосты.  Олар өздері қан тапсырып, басқа жастардың өмірге үміт сыйлауға мүмкіндік беретін донор болуына қозғау болды. Өйткені дәрігер мамандығы осындай игі қайырымды қадамдар жасаумен қалыптасады.                                 

Университетімізде балаларды қорғау күніне ұйымдастырылған мұндай игі шара  дәстүрге айналады деп сенеміз,

Балалар өмірі мен денсаулығын қолдауға атсалысқан баршаңызға РАХМЕТ,  


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *