Дәрiгерлiктiң құқығы және мiндеттерi.

Денсаулық сақтау жүйесі туралы 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430-ІІ

Қазақстан Республикасының Заңы

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап.   Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредиттеу — аккредиттеудің белгіленген стандарттарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сарапшылық бағалау жүргізуге ерекше мәртебесі мен құқын тану рәсімі;

2) әскери-медициналық қызмет — әскери немесе арнаулы қызметтің болуы заңмен көзделіп, осы органдардың қызметін медициналық қамтамасыз етуге арналған әскери-медициналық бөлімшелердің, бөлімдер мен мекемелердің жиынтығы;

3) бейінді маман — клиникалық бейіндегі белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар, жоғары медициналық білімді медицина қызметкері;

4) дәрігерлік қызмет — жоғары медициналық білімді, тиісті сертификаты бар мамандар жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіби қызметі;

5) денсаулық сақтау — азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған медициналық, әлеуметтік-экономикалық, саяси және өзге де шаралар жиынтығы;

6) денсаулық сақтау жүйесі — қызметі азаматтардың денсаулық сақтау мен медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау субъектілерінің жиынтығы;

7) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган — азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттар айналымы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

8) денсаулық сақтау субъектілері — денсаулық сақтау ұйымдары және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар;

9) денсаулық сақтауды басқару органдары — Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтау ісін мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, медициналық қызметтер органдары;

10) денсаулық сақтау ұйымы — денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

 

3-бап.  Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi мен мiндеттерi

1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi:

1) халықтың денсаулығын ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету факторларына жатқызу;

2) азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын сақтау және оларды мемлекеттiк кепiлдiктермен қамтамасыз ету;

3) әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына қарамастан халықтың медициналық көмекке қол жетiмдiлiгi;

4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;

5) азаматтардың денсаулығын ғұмыр бойы сақтау саласындағы мемлекеттiк реттеу және мемлекеттiк бақылау;

6) азаматтардың медициналық көмек алуындағы әлеуметтiк әдiлдiк пен теңдiк;

7) азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы мұқтаждықтарына денсаулық сақтау жүйесiнiң ықыластылығы;

8) мемлекеттiк органдардың азаматтардың денсаулығын сақтау мен тыңайтуды қамтамасыз етуге жағдай жасау жолындағы жауапкершiлiгi.

2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарын тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiмен қамтамасыз ету;

2) дәрілік заттардың тиімділігін, қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету;

3) отандық медициналық және фармацевтикалық өнеркәсiптi дамытуды қамтамасыз ету;

4) оқытудың осы заманғы технологияларын пайдалана отырып, медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудiң үздiксiздiгi мен сабақтастығын қамтамасыз ету;

5) республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыру нормативтерiн белгiлеу;

6) медициналық ұйымдардың медициналық көмек көрсетудегi iс-қимылдарының сабақтастығы;

7) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды белгiлеу;

8) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу қызметiн, ақпараттық және коммуникациялық жүйелердi мемлекеттiк қолдау;

9) медициналық ғылым мен техниканың осы заманғы жетiстiктерiне, емдеудiң жаңа технологияларына сәйкес медициналық көмек көрсету;

10) халықтың әлеуметтiк шетiн топтарындағы азаматтардың, оның iшiнде аналардың, балалардың, мүгедектердiң және зейнеткерлердiң денсаулығын сақтау жөнiндегi шараларды ұйымдастыру және өткiзу;

11) халықтың денсаулық жағдайы мен өмiр сүру ортасының факторлары туралы статистикалық және өзге де ақпаратты беру;

12) көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң сапасы мен толымдылығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдарының өзге де талаптарының сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

13) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

 

4-бап.  Денсаулық сақтау жүйесi

1. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесi мемлекеттiк және мемлекеттiк емес денсаулық сақтау секторларынан тұрады.

2. Мемлекеттiк денсаулық сақтау секторы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк органдардан, денсаулық сақтау ұйымдарынан, мемлекеттiк меншiк құқығына негiзделген денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардан және бiлiм беру ұйымдарынан тұрады.

Мемлекеттiк емес денсаулық сақтау секторы жеке меншiк құқығына негiзделген денсаулық сақтау ұйымдарынан, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардан, бiлiм беру ұйымдарынан, сондай-ақ жекеше медициналық iс-тәжiрибемен шұғылданатын жеке тұлғалардан тұрады.

Үшінші бөлік 2008 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады

алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріханаларды қоспағанда, жеке меншік нысанындағы денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тыйым салынады.

3. Денсаулық сақтау жүйесiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеудi және мемлекеттiк бақылауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

 

2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу

 

5-бап.  Азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын қамтамасыз етудiң кепiлдiктерi

Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына:

1) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуға;

2) алғашқы медициналық-санитарлық көмекке бiрдей қол жеткiзуiне;

3) мемлекеттiк және жекеше емдеу ұйымдарында, сондай-ақ жекеше медициналық ic-тәжiрибемен шұғылданатын жеке тұлғалардан ақылы медициналық көмек алуға;

4) санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылыққа;

5) бiрыңғай денсаулық сақтау стандарттары бойынша тегiн және (немесе) ақылы негiзде көрсетiлетiн медициналық көмектiң сапасына, мазмұнына және көлемiне;

6) медициналық және дәрiгерлiк көмек көрсету, фармацевтикалық өнiмдi шығару және өткiзу бөлiгiндегi кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгi құқығына кепiлдiк бередi.

 

6-бап.  Қазақстан Республикасы Yкіметінің денсаулық сақтау

саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Yкіметі:

1) денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

2) денсаулық сақтау, медицина ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы бағдарламаларды әзірлейді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

3) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласында нормативтік құқықтық актілер шығарады;

4) тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізбесін бекітеді;

5) медициналық қызметтің сапасын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекітеді;

6) осы Заңда белгіленген, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуын қамтамасыз етеді;

7) медициналық, дәрігерлік және фармацевтикалық қызметтің біліктілік талаптары мен лицензиялануының тәртібін бекітеді;

8) халықтың тығыздығы мен елді мекендердің шалғайлығына қарай денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекітеді;

9) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеудің, аттестаттаудың және сәйкестікті растаудың тәртібін айқындайды;

10) азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз етудің тәртібін айқындайды;

11) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттар сатып алуды ұйымдастыру мен өткізудің тәртібін айқындайды;

12) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтер көрсетуді сатып алудың тәртібін айқындайды;

13) денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілді көлемін және ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгі нысанын бекітеді;

14) бюджет қаражаты есебінен медициналық ұйымдардың шығындарын өтеу тәртібін айқындайды;

15) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің жүйесі мен шарттарын айқындайды.

16) денсаулық сақтау саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді.

 

7-бап.  Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыретi

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:

1) денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді;

2) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады;

3) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде білім беру және ғылыми ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) медициналық және фармацевтикалық білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары мен үлгілік оқу бағдарламаларын бекітеді;

5) денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы бағдарламаларды іске асырады;

6) азаматтар денсаулығының мүддесіне орай салааралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

7) медициналық көмек көрсету тәртібін айқындайды;

8) техникалық регламенттерді қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік құжаттарды және есепке алу-есеп беру құжаттамасының нысандарын бекітеді;

9) денсаулық сақтау стандарттарын әзірлейді және бекітеді;

10) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік статистикалық есепке алу мен есептіліктің жүргізілуін қамтамасыз етеді;

11) медициналық ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;

12) тәуелсіз сараптама жүргізу тәртібін айқындайды;

13) медициналық қызметтерді, профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын жарнамалаудың ережесін бекітеді және олардың жарнамасына рұқсаттар берудің тәртібін айқындайды;

14) денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын, олардың қызметі туралы ережелерді; медициналық және фармацевтикалық мамандықтардың номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын; денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымын, үлгі штаттарын және штат нормативтерін; халыққа медициналық қызмет көрсету көлемі мен деңгейінің нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

15) денсаулық сақтау стандарттарының, сондай-ақ медициналық, дәрігерлік қызметпен айналысу, емдік препараттарды (жануарлардың, құрамында есірткі және психотроптық заттар жоқ өсімдіктер мен шөптердің емдік өнімдерін өсіру, жинау және сатудан басқа) дайындау мен сату жөніндегі лицензиялау ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

16) медицина және фармацевтика ғылымының дамуын қамтамасыз етеді және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіреді;

17) біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін айқындайды;

18) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды, оның ішінде шет елдерде даярлаудың, медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттырудың және қайта даярлаудың тәртібін айқындайды;

19) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіреді;

20) денсаулық сақтау саласында, оның ішінде дәрілік заттардың айналымы саласында республикалық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

21) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз етеді;

22) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;

23) медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы қызметпен айналысуға лицензиялауға қорытынды береді және лицензиялауға қатысады;

24) конкурстық негізде медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;

25) конкурстық негізде денсаулық сақтау кадрларының біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастырады;

26) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер тарифтерін қалыптастырудың және шығындарын жоспарлаудың әдістемесін айқындайды;

27) денсаулық сақтау, оның ішінде медицина ғылымы мен медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

28) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттар мен қызметтер сатып алу жөніндегі тендерлік құжаттаманы бекітеді.

29) техникалық регламенттерді әзірлейді.

 

Денсаулық сақтау субъектілері

 

14-бап.  Денсаулық сақтау ұйымдары

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесiнде мынадай денсаулық сақтау ұйымдары жұмыс iстейдi:

1) алғашқы медициналық-санитарлық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін ұйымдар;

2) стационарлық көмек көрсететін ұйымдар;

3) жедел медициналық көмек ұйымдары;

4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

5) фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

6) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;

7) денсаулық сақтау саласындағы бiлiм беру ұйымдары;

8) қан қызметi, сот медицинасы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

8-1) салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де денсаулық сақтау ұйымдары.

 

15-бап.  Жекеше медициналық iс-тәжiрибемен шұғылданатын жеке тұлғалар

1. Жеке тұлғалар медициналық, дәрiгерлiк және фармацевтикалық қызметпен айналысуға арналған лицензиясы болған кезде медициналық көмек пен медициналық қызметтер көрсетуге құқылы.

2. Осы Заңның 33-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті бейіндегі медициналық бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар жеке тұлғалардың жекеше медициналық iс-тәжiрибемен шұғылдануға құқығы бар.

 

4-тарау. Денсаулық сақтау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету

 

16-бап.  Денсаулық сақтау жүйесiн қаржымен қамтамасыз ету көздерi

1. Денсаулық сақтаудың мемлекеттiк ұйымдарын қаржымен қамтамасыз ету:

мемлекеттiк бюджет қаражаты;

медициналық сақтандыру қаражаты;

ақылы негiзде медициналық қызметтер көрсетуден алған қаражаттары;

Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.

2. Денсаулық сақтаудың мемлекеттiк емес ұйымдарын қаржымен қамтамасыз ету:

тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсетуге арналған мемлекеттiк бюджет қаражаты;

медициналық сақтандыру қаражаты;

ақылы негiзде медициналық қызметтер көрсетуден алынған қаражат;

Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.

3. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

17-бап. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсететін

денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру нысандары

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру мынадай нысандарда:

мемлекеттік медициналық мекемелер — жеке қаржыландыру жоспары бойынша;

мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдары — Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын нысандар бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен шарттық негізде;

алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін және бекітілген халқы бар ұйымдар жан басына шаққандағы норматив бойынша жүзеге асырылады.

 

 

18-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының қаржы қаражаттарын пайдалану

1. Денсаулық сақтау жүйесiнiң қаржы қаражаттары:

медициналық көмектiң тегiн кепiлдi көлемiн көрсету жөнiндегi шығындарды өтеуге;

денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды iске асыруға;

денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтауға;

өмiрлiк маңызы бар дәрiлiк заттарды, қанды және оның компоненттерiн, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық медициналық препараттарды, сондай-ақ медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға;

жұқпалы аурулардың көрiнiстерi мен эпидемиясын жоюға;

медицина және фармацевтика кадрларын даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға;

медицина ғылымын дамытуға және жетiстiктерiн енгiзуге;

Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де шығыстарға бағытталады.

2. Медицина ұйымдарының тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету жөнiндегi шығындарын өтеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

3. Шығындарды өтеу медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жүзеге асыратын көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылаудың нәтижелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

 

5-тарау. Медициналық қызмет

 

19-бап. Қазақстан Республикасындағы медициналық және фармацевтикалық қызметтiң түрлерi

Қазақстан Республикасында медициналық және фармацевтикалық қызметтiң мынадай түрлерi жүзеге асырылады:

1) медициналық көмек;

2) санитарлық авиация;

3) санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы қызмет;

4) салауатты өмiр салтын насихаттау;

5) санаторий-курорттық қызмет;

6) халықтық медицина (емшiлiк);

7) қан қызметi;

8) сот медицинасы;

9) дәрiлiк заттардың айналысы саласындағы қызмет;

10) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет;

11) денсаулық сақтау саласындағы бiлiм беру;

12) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерi.

Денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік мекемелері қызметінің негізгі және қосымша түрлері олардың құрылтай құжаттарына сәйкес айқындалады.

 

Халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру

 

 

34-2-бап. Халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру

1. Халыққа медициналық көмекті ұйымдастыруды — денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, медициналық көмек көрсетуді-денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

2. Денсаулық сақтау субъектілері:

1) лицензияға сәйкес сапалы медициналық көмек көрсетуді;

2) диагностиканың, профилактика мен емдеудің әдістерін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган рұқсат берген дәрілік заттарды қолдануды;

3) төтенше жағдайлардағы жұмысқа әзірлікті;

4) айналасындағыларға қауіпті болып табылатын аурулардың, сондай-ақ кәсіби аурулардың алдын алу, диагностикалау мен емдеу жөніндегі профилактикалық медициналық іс-шараларды жүргізуді;

5) азаматтарға медициналық көмектің нысандары мен түрлері туралы тегін, жедел және шынайы ақпарат ұсынуды;

6) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді сақтауды;

7) басқа да денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимыл мен сабақтастықты;

8) салауатты өмір салтын насихаттауды және халықты гигиеналық оқытуды;

9) бастапқы медициналық құжаттарды жүргізуді, денсаулық сақтау және мемлекеттік статистика салаларындағы уәкілетті органдар белгілеген нысандар, түрлер, көлем, тәртіп пен мерзімдер бойынша есептер тапсыруды;

10) айналасындағыларға қауіпті болып табылатын жұқпалы аурулар, улану, психикалық және мінез-құлықтың бұзылу жағдайлары туралы денсаулық сақтау саласындағы тиісті мемлекеттік органдарға, ал жаңа алған жарақаттар, жаралар, қылмыстық түсініктер бойынша көрінген адамдар туралы мәліметтерді, сондай-ақ айналасындағыларға қауіпті болып табылатын аурулардың жағдайлары туралы ішкі істер органдарына хабарлауды қамтамасыз етуге міндетті.

 

6-тарау. Медициналық сараптама қызметі

 

35-бап. Медициналық сараптаманың түрлерi

1. Қазақстан Республикасында медициналық сараптаманың мынадай түрлерi жүзеге асырылады:

1) медициналық қызметтер көрсету сапасының сараптамасы;

2) еңбекке уақытша қабiлетсiздiк сараптамасы;

3) әскери-дәрiгерлiк сараптама;

4) сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамалары;

5) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама;

6) дәрiлiк заттардың сараптамасы;

7) ғылыми-медициналық сараптама.

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен медициналық сараптаманың басқа да түрлерi жүзеге асырылуы мүмкiн.

2. Медициналық сараптама азаматтардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етудiң құрамдас бөлiгi болып табылады.

3. Медициналық сараптаманы жүргiзетiн сарапшыларды аккредитациялауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

4. Әскери-дәрігерлік сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітеді.

 

 

36-бап. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама

1. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама — жеке және заңды тұлғалар ұсынатын медициналық қызмет сапасының деңгейі жөнінде қорытынды жасау үшін жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралар жиынтығы.

2. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптаманы медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік орган және (немесе) тәуелсіз медицина сарапшылары жүргізеді.

3. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптамаға:

1) көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасын, медициналық ұйымдарды қаржыландыру мөлшерінің негізділігін анықтау;

2) медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейінің салалық нормативтер талаптарына сәйкестігін анықтау;

3) медициналық қондырғылармен жабдықталудың белгіленген нормативтерге сәйкестігін анықтау;

4) азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету;

5) азаматтардың көрсетілетін медициналық көмек пен медициналық қызметтер көрсетудің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін анықтау;

6) сапасыз медициналық қызметтер көрсетудің себептерін анықтау, оларды жою және медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жөнінде шараларды қабылдау кіреді.

4. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

5. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама қорытындысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

 

 

37-бап. Еңбекке уақытша қабiлетсiздiк сараптамасы

1. Азаматтардың еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi сараптамасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен медициналық ұйымдардың дәрiгерлерi немесе дәрiгерлiк комиссия жүргiзедi.

2. Жекелеген жағдайларда облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдарының шешiмi бойынша мемлекеттiк сектордың медициналық ұйымдарында азаматтардың еңбекке уақытша қабiлетсiздiгiн сараптама жасау орта медициналық бiлiмi бар қызметкерге тапсырылуы мүмкiн.

 

39-бап. Әскери-дәрiгерлiк сараптама

1. Әскери-дәрiгерлiк сараптама денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке немесе әскери қызметке теңестiрiлген арнайы қызметке жарамдылықты белгiлеу үшiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы қызметтi (әскери жиындарды) өткерiп жүргенде азаматтардың сырқаттануының, мертiгуiнiң (жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының) және қайтыс болуының себептi байланыстарын анықтау үшiн жүргiзiледi.

2. Әскери-дәрiгерлiк сараптаманы ұйымдастыру мен жүргiзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

3. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылық дәрежесi көрiнеу дұрыс белгiленбеген, азаматтың денсаулығының нашарлауына, мүгедектiкке немесе өлiмге әкеп соққан кезде, қабылданған шешiмге жауапты адам немесе адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

 

40-бап. Сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамалары

1. Сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамаларын мемлекеттік денсаулық сақтау секторының медицина ұйымдарында сот сараптамасы органдары жүргізеді.

2. Азаматтың немесе оның заңды өкiлiнiң сот-медицина, сот-психиатрия немесе сот-наркология сараптамаларын тағайындаған органның алдында сараптама комиссиясының құрамына тиiстi маманды оның келiсiмiмен енгiзу жөнiнде өтiнiш жасауға құқығы бар.

3. Сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамаларын ұйымдастыру мен жасау тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.

4. Сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамаларының қорытындысына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

 

41-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама

1. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң құрамдас бөлiгi болып табылады.

2. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары жүргiзедi және ол:

1) қоршаған тiршiлiк ортасы объектiлерiнiң санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға, халықтың денсаулығына әсерiн кешендi бағалауды;

2) адамдардың сырқаттануы мен улануының туындау себептерi мен жағдайларын зерттеудi;

3) шаруашылық немесе өзге қызмет процесiнде қабылданатын шешiмдердiң санитарлық-гигиеналық ережелердiң, гигиеналық нормативтердiң талаптарына сәйкестiгiн бағалауды қамтамасыз етедi.

 

42-бап. Дәрiлiк заттың сараптамасы

1. Дәрiлiк заттың сараптамасы — дәрiлiк затты физикалық-химиялық, биологиялық, клиникаға дейінгі сынақтар, клиникалық зерттеулер жүргізу, биоэквиваленттігін анықтау арқылы оның қауiпсiздiгi, тиiмдiлiгi және сапасы тұрғысында зерттеу немесе сынау, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен дәрiлiк затты тiркеуге ұсынған нормативтiк құжаттарды зерделеу.

2. Дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгiн және сапасын бағалауды ұйымдар дәрiлiк затқа оның нормативтiк құжаттарына сәйкес жүргiзiлген сараптама негiзiнде, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.

3. Сараптаманы дәрілік затты әзірлеуге және өндіруге тікелей қатыспаған, уәкілетті орган айқындайтын ұйым жүргізеді.

 

 

43-бап. Ғылыми-медициналық сараптама

1. Ғылыми-медициналық сараптаманың объектiлерi:

1) iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеу бағдарламаларының жобалары;

2) республикалық нысаналы ғылыми-медициналық бағдарламалар;

3) аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалар мен жобалардың нәтижелерi;

4) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларын алуға ұсынылған ғылыми жұмыстар;

5) денсаулық сақтау iс-тәжiрибесiне енгiзу үшiн жоспарланған ғылыми-медициналық әзiрлемелер болып табылады.

2. Ғылыми-медициналық сараптаманы өткiзу тәртiбiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.

 

7-тарау. Фармацевтикалық қызмет

 

44-бап. Фармацевтикалық қызметтi мемлекеттiк реттеу

1. Фармацевтикалық қызметтi мемлекеттiк реттеудi:

Қазақстан Республикасының Yкiметi;

денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган;

облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдары жүзеге асырады.;

2. Фармацевтикалық қызметтi мемлекеттiк реттеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:

1) дәрiлiк заттарды мемлекеттiк тiркеу;

2) фармацевтикалық қызметтi лицензиялау;

3) дәрiлiк заттардың сәйкестігін растау;

4) фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды аттестаттау;

5) фармацевтикалық қызметке мемлекеттiк бақылау жасау;

6) уәкiлеттi органның:

негiзгi (өмiрлiк маңызы бар) дәрiлiк заттардың тiзiмiн;

аурулар түрлерiнiң және амбулаториялық емделу кезiнде дәрiлiк заттар, арнайы емдiк тағам рецепт бойынша тегiн немесе жеңiлдiктi жағдайда берiлетiн халықтың жекелеген санаттарының тiзбесiн бекiту рәсімін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

 

45-бап. Дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгi мен сапасын

бақылаудың мемлекеттiк жүйесi

1. Қазақстан Республикасының аумағында жасалған және оның аумағына әкелiнетiн дәрiлiк заттар мемлекеттiң бақылау жасауына жатады.

2. Дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгi мен сапасын бақылаудың мемлекеттiк жүйесiне:

фармацевтикалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

дәрiлiк заттарды әзiрлеуге, қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгiн және сапасын зерттеу мен сынауға арналған ғылыми-зерттеу ұйымдары, институттар, орталықтар, зертханалар;

дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгiн және сапасын бағалау жөнiндегi сараптама комиссиялары;

дәрiлiк заттар туралы ақпарат жүйесi дәрiлiк заттарға сараптама жасау жөнiндегi орталық кiредi.

 

8-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет

 

46-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтiң субъектiлерi

1. Негiзгi мiндетi ретiнде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтi, ғылыми кадрлар даярлауды жүзеге асыратын заңды тұлға денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым (бұдан әрi — ғылыми ұйым) болып табылады.

2. Ғылыми ұйымдар ғылыми-зерттеу ұйымдарына (ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар), жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарына және ғылыми-медициналық қызметпен шұғылданатын өзге де ұйымдарға бөлінедi.

3. Ғылыми ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес медициналық және бiлiм беру қызметiмен шұғылдана алады.

Медицина ғылымы мен бiлiм беру саласында ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) және ғылым докторының ғылыми дәрежелері үшiн мына адамдарға:

1) медициналық бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарына сәйкес;

2) ғылыми бағдарламаларды орындайтын медициналық ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңдарына сәйкес қосымша ақы белгiленедi.

4. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет субъектiлерi қатысқан қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.

 

47-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметтi үйлестiру

1. Iргелi және қолданбалы сипаттағы ғылыми әзiрлемелердiң басымдықтарын қалыптастыруды, азаматтардың денсаулығын сақтауды ғылыми қамтамасыз ету саласындағы республикалық бағдарламаларды үйлестiрудi, медицина ғылымын дамыту тұжырымдамасын әзiрлеудi денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган ғылыми ұйымдардың құрылтайшысы болады.

3. Ғылыми зерттеу бағдарламаларын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерінен жүзеге асырылады.

4. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган денсаулық сақтау саласындағы ғылыми бағдарламалардың кешендi сараптамасын жүзеге асырады.

 

9-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру

 

48-бап. Денсаулық сақтау саласындағы бiлiм беру қызметi

1. Денсаулық сақтау жүйесi үшiн кәсiби ғылыми-педагог, медицина және фармацевтика қызметкерлерiн даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру денсаулық сақтау саласындағы бiлiм беру қызметiнiң мiндеттерi болып табылады.

2. Денсаулық сақтау саласындағы бiлiм беру қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес клиникалық базалар және мамандандырылған даярлықтың жоғары сапасын қамтамасыз ететiн қажеттi әлеуетi болған жағдайда жоғары, орта медициналық бiлiм беру ұйымдарында және бiлiм беру ұйымдарының медицина факультеттерiнде жүзеге асырылады. Бiлiм беру қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.

3. Жоғары және орта оқу білім­нен кейінгі медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру бағдарламаларын игерген адамдар үшiн мемлекеттiк үлгiдегi диплом, клиникалық мамандықтар бойынша — интернатураны бiтiргенiн растайтын мемлекеттiк үлгiдегi куәлiк, маманның сертификаты олардың медициналық ұйымдарда қызмет лауазымдарын иеленуiне негiз болып табылады.

4. Жоғары оқу орнынан кейінгі меди­циналық және фармацевтикалық білім беру ре­зидентураны, магистратураны және докто­ран­тураны қамтиды. Резидентурада оқыту ереже­лерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

5. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган сұраныстарды ескере отырып орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмдi мамандар даярлауды жоспарлау жүйесiн қамтамасыз етедi.

 

49-бап. Денсаулық сақтау саласындағы бiлiктiлiк емтихандары

1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшiн бiлiктiлiк емтихандары жоғары немесе орта білім­нен кейінгі медициналық немесе фармацевтикалық бiлiмi бар адамдардың кәсiби медициналық, дәрiгерлiк немесе фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыруға дайындығын айқындау мақсатында өткiзiледi.

2. Санат берілмейтін бірінші біліктілік емтиханы интернатурадағы оқу аяқталғаннан кейін, ал орта медицина қызметкерлері үшін колледждегі оқуын бітіргеннен кейін өткізіледі. Біліктілік емтихандары әрбір бес жыл сайын өткізіліп тұрады. Маман кезекті біліктілік емтиханына медициналық білім беру қызметіне лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарында соңғы бес жыл ішінде біліктілігін арттырған жағдайда жіберіледі.

3. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшiн бiлiктiлiк емтихандарын өткiзудiң нәтижелерi бойынша қолданылу мерзiмi бес жылға, бiлiктiлiк деңгейi туралы белгiленген үлгiдегi құжат (маманның сертификаты) берiледi.

4. Маманның тиісті сертификаты болмаған, сондай-ақ оны қолдану мерзімі аяқталған жағдайда жеке тұлғаға дәрігерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады.

 

 

50-бап. Қазақстан Республикасы дәрiгерiнiң анты

1. Жоғары медициналық оқу орындарының медициналық мамандықтар бойынша оқып бiтiрген түлектерi Қазақстан Республикасы дәрiгерiнiң антын қабылдайды.

2. Қазақстан Республикасы дәрiгерi антының мәтiнiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

 

10-тарау. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің

құқықтары мен міндеттері

 

51-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi

1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң:

кәсiби қызметiн жүзеге асыруға арналған жағдаймен қамтамасыз етiлуiне;

бес жылда кемiнде бiр рет өзiнiң бiлiктiлiк деңгейiн мемлекеттiк бюджеттiң немесе денсаулық сақтау саласының мемлекеттiк емес секторы ұйымының қызметкерлерi болса, жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен көтеруге;

штат санының қысқаруына немесе денсаулық сақтау ұйымдарының тарауына байланысты қызметкерлер босап қалған жағдайда, бюджет немесе жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қайта даярлықтан өтуiне;

еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде өздерiнiң денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен өтетуге;

азаматтың өмiрiне қауiп төнген жағдайда ұйымдардың немесе азаматтардың меншiгiндегi байланыс құралдарын, сондай-ақ қолда бар көлiктiң кез келген түрін азаматты таяу жердегi медициналық ұйымға жеткiзу үшiн кедергiсiз және тегiн пайдалануға;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүріп-тұру сипатындағы қызметiне байланысты көлiк шығындарын өтетуге;

кәсіби міндеттерін жоғары сапалы деңгейде орындағаны үшін көтермелеуге;

өзiнiң кәсiби ар-намысы мен абыройын қорғауға құқығы бар.

2. Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау бюджет қаражаты, жұмыс берушiнiң қаражаты, өз қаражаты есебiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа көздер есебiнен жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттiк денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала типіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлерiне мынадай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады:

коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебiнен өтеу;

жеке меншiгiнде малы барлар жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмi бойынша жем-шөппен, мал жайылатын және шөп шабылатын жер учаскелерiмен қамтамасыз етiледi.

3-1. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.

 

4. Медицина және фармацевтика қызметкерлерi:

ауруларды профилактикалауға және азаматтардың денсаулығын тыңайтуға ықпал етуге, медициналық көмек көрсетуге;

аса шұғыл жағдайларда халыққа кешеуiлдетуге болмайтын медициналық көмек көрсетуге;

халық арасында медициналық бiлiмдi және салауатты өмiр салтын насихаттау жөнiндегi жұмысты жүргiзуге;

кәсiби этика талаптарын сақтауға, дәрiгерлiк құпияны сақтауға, азаматтың аурулары, интимдiк және отбасылық өмiрi туралы мәлiметтердi жария етпеуге;

кәсiби деңгейiн үнемi арттырып отыруға мiндеттi.

 

52-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек

қатынастары

1. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындайды.

3. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.

 

11-тарау. Қорытынды ережелер

 

53-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

1. Денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқару органдарының, денсаулық сақтау ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық ынтымақтастықты және сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар.

2. Қазақстан Республикасының азаматтарын шет елге емделуге жiберу тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

54-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауаптылық

Осы Заңның бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Денсаулық сақтау жүйесі туралы 2003 жылғы 4 маусымдағы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *