Жаңалықтар.

«Денсаулық сақтауды жүйелі модернизациялау жағдайында қоғамдық денсауылқты қалыптстырудың өзекті сұрақтары»  атты С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 85-жылдық мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны өткізу туралы есеп

 

Бүгін 2015 жылдың 22 сәуірінде ҚазҰМУ Даңқ залында сағат 09.00-13.00 аралығында «Денсаулық сақтауды жүйелі модернизациялау жағдайында қоғамдық денсауылқты қалыптстырудың өзекті сұрақтары»  Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Құттықтау сөзді ҚР ҰҒА академигі, Тағамтану Академиясының Президенті Шарманов Т.Ш. және ҚазҰМУ ректоры, профеесор Ақанов А.А. сөйледі.

Өз сөзінде академик Шарманов Т.Ш. өтпелі тарихи кезеңдегі республикамыздың денсаулық сақтау жүйесі, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Боллон оқу үрдісіне қосылғандығы туралы атап өтті. Конференция  қатысушыларына тілек сөз айтты.

Ректор, профессор А. Аканов конференция қонақтары, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіндегі алдыңғы қатарлы мамандарын таныстырды. Әлемде қоғамдық денсаулық сақтаудың құрылуы туралы тарихи деректерді сөз қылды.

БДҰ Кеңесшісі, м.ғ.д., профессоры визитинг-профессор (Қырғызстан Республикасы) Мейманалиев Т.С. сөз сөйлеп конференция қатысушыларына сәттілік тіледі.

Х. Досмұхамедов атындағы ҚДС Мектебінің жетекші маманы, м.ғ.к. бүгінгі таңда әлемде медицина және қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызы туралы айтты.

«Еупопалық Одақ елдерінің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы саясаты» тақырында Institut of International education, Прага қ., Чехия, ҚазҰМУ визитинг-профессоры Канушина М.А. баяндама жасады. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мәселесін сипаттап берді, «Дені сау адамдар — 2020» бағдарламасы және сол бағдарлама деңгейіндегі орындалып жатқан шаралар туралы айтты, Dacadoo денсаулық индексі  ақпараттық веб порталын қолданған тәжірибесімен бөлісті.

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің магистранты «Онкологиялық аурулар скринингінің тиімділігі (мысалы ретінде, Ақтөбе қ. №1 қалалық емханасы)» атты баяндама жасады.

Альмуханова А.Б., ҚазҰМУ PhD докторанты, мамандығы «Қоғамдық денсаулық сақтау» «Балалар мен ересектерге кардиологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру» атты баяндама жасады.

ҚазҰМУ дәрігер -интерні Ережепова Г., «Параолимпиядалық ойыншыларға стоматологиялық емдік-профилактикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру» баяндамасымен сөз сөйледі.

ҚазҰМУ магистранты Индершиева Е. «Алматы қаласы оқушыларының арасында денсаулыққа қатысты сауаттылық деңгейін бағалау» баяндама жасады.

ҚазҰМУ магистранты Кайдаулов М. «Орта медициналық қызметкерлердің кадрлық потенциалын талдау» атты баяндама жасады.

«Менеджмент»  мамандығыи бойынша ҚазҰМУ студенті  Солтанова М.  «Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджмент  ерекшелікткері» деген тақырыпта баяндама жасады.

«Жалпы медицина» мамандығы бойынша ҚазҰМУ студенті  Нарзулла Н. «Трансмайлардың жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының дамуына әсері» атты баяндама жасады.

Конференцияның жабылуын  ҚазҰМУ ОТЖ жөніндегі проректор, Х. Досмұхамедов атындағы ҚДС Мектебінің директоры, м.ғ.д., профессор Тулебаев К.А. жүргізді.

Жұмыс күнінің екінші жартысында Кіші конференц-залда сағат 14.00-16.00 аралығында «Қоғамдық денсаулық сақтауды даму клешегі және мәселелері: Қазақстан үшін тәжірибе» дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстелді ҚР ҰҒА академигі, Тағамтану Академиясының Президенті Шарманов Т.Ш. және ҚазҰМУ ректоры, профеесор Ақанов А.А. ашты. Олар қлғамдық денсаулық сақтаудың заманауи модельдерін және әлемде денсаулықты қорғаудың өзекті сұрақтарын қарастырды. Дөңгелек үстелді ҚазҰМУ ОТЖ жөніндегі проректор, Х. Досмұхамедов атындағы ҚДС Мектебінің директоры, м.ғ.д., профессор Тулебаев К.А. жүргізді.

Дөңгелек үстел барысында БДҰ Кеңесшісі, м.ғ.д., профессоры, визитинг-профессор (Қырғызстан Республикасы) Мейманалиев Т.С. «Жетекші қоғамдық денсаулық сақтау мектептерінің мысалында Американдық қоғамдық денсаулық сақтау моделі» және ҚДСЖМ ректоры, м.ғ.д  Калматаева Ж.А «Қоғамдық денсаулық сақтаудың Еуро аумақ, ТМД моделдері» деген баяндамалар жасады.

«Заманауи шарттар кезіндегі тұтынушылар құқықтарын қорғау қызметінің кадрлық саясаты» атты  презентацияны РМКК «Санитариялық-эпидемиологиялық экспертиза және мониторинг ғылыми-тәжірибелік орталығы» директоры Жандосов Ш.У жасады. ҚазҰМУ ректоры, профессор А. Аканов «Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтауды дамытудың  концептуальды жолдары» атты презентация жасады.

Резолюцияны талқылау және дайындау ҚазҰМУ ОТЖ жөніндегі проректор, Х. Досмұхамедов атындағы ҚДС Мектебінің директоры, м.ғ.д., профессор Тулебаев К.А.-ң жетекшілігімен өтті.

Резолюцияны талқылауға  ҚДСЖМ ректоры, м.ғ.д  Калматаева Ж.А, ОҚМФА «Қоғамдық денсаулық» кафедрасының доценті Хайдарова Т.С., ҚМҮБУ «Қоғамдық денсаулық» кафедрасының профессоры Бибаева А.С., Қазақ-Ресей медициналық университетінің ректоры, профессор Жайнакбаев Н.Т., доценттер Ахметова Р.Г., Бегалиева Р. А., Рыскулова А.Р., сонымен қатар ҚазҰМУ  «Қоғамдық денсаулық», «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» және «Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономика» кафедраларының қызметкерелері қатысты.

Резолюция жобасы қабылданды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *