Аса құрметті университет қызметкерлері!




28.09.2010

Сапа менеджмент жүйесі бөлімі университеттің тұтастай ұжымын жұмыс үдерісін өрістетуге шақырады.

Ол үшін жапон менеджменті Кайдзен стратегиясын енгізу ұсынылады, әр қызметкер университеттің сол немесе басқа да қызмет саласында өз Идеясын университет әкімшілігіне жібере алады. Пайдалы және іске асқан Идеяға автор қаржылай сыйақы алады.

Сізді Кайдзен стратегиясын жүзеге асыру ережесінің жобасымен Сапа менеджмент бөлімі рубрикасынан танысуыңызды сұраймыз және Сіздің көзқарасыңыз бойынша қажетті түзетулерді 20.10.2010 ж. дейін енгізуіңізді өтінеміз.