С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттерінің назарына!!!




12.06.2010

Факультет деканаттарында келісім шарт негізінде оқитын студенттерді білім гранты негізінде оқуға ауыстыру сұрақтары бойынша құжаттарды қабылдайтын техникалық хатшылық жұмысын бастады.

Грант негізінде оқуға ауысуға ынталы студенттер келесі құжаттарды өз деканаттарына тапсырулары қажет:

1) ҚР білім және ғылым министрі Ж.Туймебаевтың атына жазылған өтініш;

2) Жеке куәліктің көшірмесі;

3) Факультет деканы (декан орынбасары) және ОҮжПҰБ бастығының қолдарымен және мөрімен бекітілген сынақ кітапшасы мен оқу карточкасының көшірмелері;

4) Қаржы – экономикалық бөлімінен оқу төлем ақысы бойынша қарызы жоқтығы туралы анықтама;

5) Егер қажет деп ойласаңыз қосымша ақпараттар тапсыруға болады (жанұя құрамының анықтамасы, денсаулығы туралы, ата-анасының еңбек ақысы т.с.с.)

Құжаттарды тапсыру мерзімі 2010 жылдың 25 шілдеге дейін.