Бөлімнің құрамы: Аккредиттеу және рейтинг бөлімінің бастығы Джумашева С.М.

Ғылыми дәрежесі:

  • Іскерлік әкімшілік магистрі (MBA).
  • PhD докторант, мамандығы «Менеджмент».

Кеңсе: 208

E-mail: [email protected]

Басшының қысқаша өмірбаяны:

Джумашева Сулушаш Махсотовна Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын (қазіргі Нархоз университетін) 1998 жылы үздік бітірді: мамандығы менеджмент, адам ресурстарын басқару.

2011 жылы  КИМЭП Университетінің іскерлік әкімшілендіру магистр (MBA) дәрижесін алды.

2016 жылдың қыркүйегінен бастап 2019 жылдың маусым айына дейін, Нархоз университетінің PhD докторантурасында оқыды. Докторлық диссертацияның тақырыбы: «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында білім беру қызметтерінің сапасындағы ішкі бақылауды жетілдіру».

Төменде көрсетілген бірнеше тәжірибелерден өтті: Оңтүстік Кореяның Солбридж бизнес мектебінде, 2018 жылы 25 маусым — 9 шілдесі аралығында  «Зерттеу әдіснамасында жаңа тәсілдер мен әдістер» атты тәжірибе барысында; Польшаның Познань экономика және бизнес университетінде, 2017 жылы 18 маусым — 2 шілдесі аралығында  «PhD зерттеулеріндегі үлкен деректерді талдау» атты тәжірибе барысында; Словенияның Любляна университетінің Экономика факультетінде, 2013 жылы 1 қазаннан -31 қазан аралығында Сапаны қамтамасыз ету бөлімінде тәжірибесін аяқтады.

Төменде көрсетілген циклдар бойынша сертификаттарға ие: Халықаралық журналдарға арналған ғылыми мақалаларды жазу; зерттеу әдіснамасы; институционалдық зерттеулер және олардың білім беру ұйымдарындағы рөлі; деректерді талдау және өңдеу; университеттерде сапа менеджмент жүйесі; ғылыми журналдардың деректер базасын пайдалану; Қазақстандағы халықаралық аккредиттеу; деректер базасын басқару жүйесі деген сертификаттарға ие болды.

КИМЭП Университетінде сапа мониторингі бойынша маман болып жұмыс істеді. Студенттердің, түлектердің, жұмыс берушілердің және басқа да мақсатты топтардың қанағаттану сауалнамаларды дайындауды және өткізу барысында қызмет атқарды; деректерді өңдеу, талдау және ағымдағы зерттеулер бойынша аналитикалық есептер дайындау; Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігіне университеттің қызметі туралы есептер дайындау. Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мен коммерциялық компанияларда үлкен тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта «Ұлттық медициналық университет» АҚ аккредитация және рейтинг бөлімінің басшысы.

Келесі тілдерді меңгерген: қазақ-ана тілі, орыс тілін еркін меңгерген, ағылшын тілін еркін меңгерген, итальяндық тіл- бастапқы деңгей.