Халықаралық степендиялық бағдарламалар.

Бүкіләлемдік банк

Роберт Макнамара атындағы аспиранттарға арналған стипендиялық бағдарлама

Аспиранттарды 2015 жылғы Бағдарламада қатысуға шақыру

Стипендия мөлшері мен сипаттамасы: 25 000 АҚШ долларына дейін сомадағы стипендиялар оның иегерлерін Бүкіләлемдік банкке мүшелі елдерінің бірінде орналасқан қабылдаушы мекемеге 6-10 ай мерзіміне (2015 жылдың шілде айынан желтоқсан айына дейінгі бір айдан бастап) ғылыми жетекші басшылығымен PhD бағдарламасы шеңберінде дамыту тақырыбы бойынша зерттеулер жүргізу мақсатымен барып келуін қаржыландырады. Роберт Макнамара атындағы Бағдарламасына қатысу аяқталысымен стипендия иегерлері өз жұмыстарын әрі қарай жалғастыру үшін өз еліне қайта оралады.

Негізгі біліктілік талаптары:

  • Дүниежүзілік банкке мүшелі дамушы елде тұрғылықты тұру.

 

 

  • Дамыған елде қос азаматтықтың болмауы.

 

 

  • Дүниежүзілік банкке мүшелі елде PhD бағдарламасына қатысу.

 

 

  • PhD бағдарламасы шеңберінде қарастырылған оқу курстары бойынша барлық емтихандарды сәтті тапсыру.

 

 

  • Магистр дәрежесінің болуы.

 

 

  • Жасы 35 жастан аспау.

 

 

  • Келесі шарттардың біреуін орындау:

 

 

а) тұрғылықты жерде PhD бағдарламасына қатысу және дәл қазіргі уақытта жұмыс істемеу. б) тұрғылықты жерде немесе Дүниежүзілік банкке мүшелі басқа елде PhD бағдарламасына қатысу және тұрғылықты жерде дәл қазіргі уақытта оқу немесе зерттеу мекемесінде жұмыс істеу.   Өтініштерді ұсыну тәртібі: кандидаттарға қойылған талаптар мен өтінішті толтыру жөніндегі нұсқауларының толық тізімі World Bank Scholarships Program веб-сайтында көрсетілген. Өтініш формасы 2015 жылдың 7 қаңтарынан 11 ақпанына дейін www.worldbank.org/scholarships адресі бойынша он-лайн режимінде қол жетімді болады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *