Жаңалықтар.

«G-GLOBAL-EXPO-2017»  және«Жасыл экономика» бағдарламасын  қолдауға арналған суды, электр қуатын, газды үнемдеу мақсатында «Біз G-global-ды қолдаймыз!» акциясы

13.10.2015ж. күні  сағат 18.00-де Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту Департаментінің ұйымдастыруымен ҚазҰМУ-нің №1,2 жатақханаларда«G-GLOBAL-EXPO-2017»   жасыл экономика қолдауға арналған суды, электр қуатын, газды үнемдеу мақсатында «Біз G-global-ды қолдаймыз!» атты акциясы өткізілді.

Акцияға  Университеттің Студенттік Үкіметінің төрағасы,  №1, №2 жатақханаларының белсенді студенттері және жатақхана студенттік кеңес  мүшелері белсенді қатысып, тағам әзірлейтін бөлмелерде суды, газды және электр қуатын үнемдеу туралы викториналық сұрақтар қойылып,түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде №1,2 жатақханалардан 188 студент викториналық сұрақтарға жауап берді. Жалпы қатысқан студенттер саны – 258;

Осылайша, ҚазҰМУ студенттерінің жастар қозғалысы G-global халықаралық жобасына қолдау білдіріп,  белсенді позицияларын көрсетті.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *