Жаңалықтар.

Медициналық университетке түскенде, сіздер  дәрігерлік кәсіпте өз — өздеріңізді соңына дейін сезініп, тани білмедіңіздер.  Біреулер бұл мамандықты  достары және таныстары, ал енді біреулері ата-аналарының айтуымен таңдаған, ал көбі өз таңдауларын жасаған.  Дәрігердің, емдеушінің, емшінің кәсібі  Жер шарында адам пайда болғаннан бастап дамыды. Мүмкін олда жиі ауырып, жаны күйзеліп, жарақаттанған болар. Адамдар тобының ішінде әлдебіреулері – өзінің жанашырлығымен, байқағыштығымен, ұқыптылығымен, ептілігімен – міндетті түрде ерекшеленеді.

Дәл осындай адам емші бола алатын еді. Ерте заманның көптеген емшілеріне сыйқыршы қасиеті де тән. Кейіннен адамдардың көмектесу мен емдеуді қажет ететін ұрпақтары пайда болды. Алдымен балаларға көмекті көптеген елдерде туылғаннан бастап олармен бірінші кездесетін акушерлер, акушер-гинекологтар көрсетті.

XIX ғасырда педиатрия – «балаларды айықтыру»  өзбетінше ғылым болып қалды. Бұл ерекше пән, себебі бала организмі ересек организмімен салыстырғанда анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерге ие.  Осыған байланысты, әртүрлі жастағы аурулар (жаңа туылған, нәрестелік, мектеп жасындағы және жасөспірімдік) әртүрлі өтеді. Педиатр науқастары болып тек балалар мен жасөспірімдер ғана емес, ересек адам да болып табылады. Педиатр өте жақсы жанұялық дәрігер бола алады.

Педиатрия  факультеті 1938  жылы  ең алғаш ҚазҰМУ ашылды, ал оның ең алғашқы түлектері 8-адам 1943 жылы түлеп шықты. Педиатрия факультетімен Қазақстандағы педиатрияның негізін қалаушылардың есімдері тығыз байланысты – профессорлар  А.И.Авенирова, Т.Н.Никонова,  Н.А.Барлыбаева, З.Х.Мажитова және басқалары.  1959 жылы педиатрия факультетін тәмамадаған академик Ормантаев Камал Саруарұлының балалар хирургі мектебі бүкіл әлемге атақты.

Біздің факультет бұрынғысынша, болашақ педиатрларды дайындауда белсенді жұмыстар атқаруда, кейіннен олардан балалар неврологы, балалар кардиологы, балалар психиатры, балалар нефрологы, гастроэнтерологы, генетиктер, гематологтар мен онкологтардан тұратын  аймақтық және жанұялық дәрігерлер санаты қалыптасады. Педиатрия туралы білім, балалар организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін меңгеру болашақ акушер-гинекологтар, анестезиологтар мен реаниматологтар, функционалды диагностика бөлмесінің дәрігері үшін өте қажет.

Қазіргі кезде біздің елімізде қазіргі жаңа құрылғылармен жабдықталған балалар ауруханалары салынуда. Бұл № 2 Қалалық Клиникалық Балалар ауруханасы және Алматы қаласы  Перинатальды орталығы, ол жерде өмірінің 1 күнінен бастап нәрестелерге  кардиохирургиялық операциялар жасалатын болады; ҚР ДСМ Педиатрия және бала хирургиясы Ғылыми орталығында жаңа бөлімшелер,  ол жерде  кардиология, онкогематология және бас миының трансплантациясы бөлімшелері болады. Астана қаласында бірнеше жылдан бері ана мен бала денсаулығын қорғау Ғылыми орталығы, неврологиялық  патологиямен балаларды  реабилитация орталығы қызмет етіп келеді.  Республикада штат құрамында педиатр қажет перзентханалар өте көп.

Біздің мамандығымыз тек баламен ғана емес, оның ата-аналарымен тығыз байланысты, сондықтан педиатр,  ереже бойынша жанашыр, ұқыпты және өте нәзік болуы керек. Қолына ауру, жаны ауырған баланы алғаннан соң , ол сауыққаннан кейін кезде дәрігер ештеңемен те келмейтін сезімді басынан өткізеді.  Балалар – алғыс білдіргіш науқастар – күлкісі, жымиуы, қуанышты қимылдары,  бұл дәрігер-педиатр күтетін, сол үшін еңбектенетін нәрсесі.

Педиатрия факультетінің оқытушыларымен өз траекториясы ретінде педиатрия, жалпы тәжрибелік дәрігер, хирургия,  гинекология,  кардиохирургия, генетик, инфекциялық аурулар дәрігері, пульмонологты таңдаған студенттерге элективтер ұсынады.

Факультетте белгілі бір мамандық бойынша профилизацияланған пәндер бар:

  • неонатология кафедрасы – профильді пәні «неонатология»;
  • № 1 бала аурулары кафедрасы – профильді пәні «пульмонология»,

«гематология», «балалар аллергологиясы»;

  • № 2 бала аурулары кафедрасы – профильді пәні  «кардиология», «гастроэнтерология»;
  • Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы – профильді пәні  «балалардағы жұқпалы аурулар»;
  • Балалар хирургиясы кафедрасы  –  профильді пәні  «ерте жастағы балалар хирургиясы», «абдоминальды және торакальды хирургия», «травматология және ортопедия», «комбустиология (күйіктік)» және басқалары.;
  • амбулаторлы-емханалық педиатрия кафедрасы;
  • дипломнан кейінгі педиатрларды дайындау кафедрасы (интернатура).

Педиатриялық факультеті өз студенттерін күтеді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *