Хабарландыру.


Өтетін күні: 5 сәуір 2011 жыл

Өтетін орны: КазҰМУ, Ректорат, 3 қабат

Уақыты: сағат 12.00

2011 жылдың 5 сәуірінде С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Жапониядағы жер сілкінісіне қатысты Университет қызметкерлері мен студенттерінен жиналған қаржылық көмектің алғашқы жіберілімін аудару үшін Алматы қаласындағы Жапония елшілік бөлімінің басшысы Катамото Масахиро мен ҚР-дағы Жапония елшілігінің қызметкерлерінің қатысуымен салатанатты шара өткізіледі. Бірінші жіберілім 1,5 миллион теңгені құрап отыр.

Ақшалай қаражат Нагасаки университетінің арнайы есеп шотына «The Great Earthguake of Eastern Japan» деген арнайы белгімен жіберіледі.

Сонымен қатар, қазақстандық ғалымдар радиоктивтік йодты ұстап тұратын «Лепесток» респираторы әзірленді. 1986 жылы респиратор Чернобыль АЭС-ындағы соңғы қайғылы оқиға кезінде қолданылған. ҚазҰМУ Жапония елшілігіне радиоактивтік йод мөлшерден көп кездесетін аймақтарда қазақстандық өндірістің «Лепесток» респираторын пайдалану туралы ұсыныс айтады.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Жапонияның Нагасаки университеті, Нагасаки медицина орталығы, Токио медициналық-стоматологиялық университеті, Азиялық-Тынық мұхиты университеті сияқты бірқатар медициналық білім беру және практикалық медицина мекемелерімен әріптестік қарым-қатынаста. Осы әріптес-мекемелердің жетекші мамандары шеберлік-кластарын өткізеді, дәрістер оқып, қазақстандық науқастарға кеңес беріп, емдеу шараларын жүргізеді. Үш жыл ішінде Нагасаки университеті мен ҚазҰМУ арасында студенттер алмасуына қатысты бағдарлама жүзеге асырылуда. ҚазҰМУ-да бүгінгі таңда Жапонияның 5 студенті білім алуда.

ҚазҰМУ-дың баспасөз қызметі


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *