АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ДЕПАРТАМЕНТІ, Жаңалықтар.

2013 жылдың 10 қазан күні Академиялық жұмыстар жөніндегі департамент  ағылшын тілінде білім алатын  студенттермен кездесу өткізді. Кездесудің басты  мақсаты оқу үдерісін ағылшын тіліндегі  оқу-әдістемелік оқулықтармен қамту және ұйымдастыруды  талқылау болды.

Аталған іс-шарада  1-2 курсқа ағылшын тілінде сабақ беретін оқытушылар мен АЖД  директоры  М.А.Абирова,  жалпы медицина факультетінің деканы Р.Т.Джумашева,  АЖД директор орынбасары Е.А.Славко, жалпы білім беру пәндері оқу департаментінің директоры М.С.Сарыбаев,  стоматология  факультетінің   декан    орынбасары Кусмолдаева Ж.Н, тіркеуші кеңсе басқармасының бастығы  Бопанова А.О, тілдік даярлық орталығының директоры Төлеева Н.Ә,  оқу үдерісін жоспарлау мен бақылау бөлімінің бастығы Қуанғалиева К.Е., оқу-әдістемелік жұмыстар бөлімінің бастығы Ізбасарова Г.Қ. қатысты.

Жалпы  студенттермен оқытушылар ағылшын тілінде оқу үдерісін ұйымдастыру деңгейін оң бағалады,  дегенмен  ағылшын тіліндегі оқулықпен қамту, оқытушылардың тілді білу деңгейі, сабақ кестесінің  дұрыс жүйеленуі сияқты қосымша түзетулерді талап  ететін сұрақтар талқыланды.

Келесі  кездесу 2013 жылдың 22 қазанына өтеді.

 

Академиялық жұмыстар жөніндегі департамент

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *