IMG_5115

АТҚАРУШЫ ПРОРЕКТОР

Мұқанов Қанатбек Нұртазаұлы

медицина ғылымдарының докторы, профессор,

Қазақстан Республикасының жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі

 

Бекітілген жаңа құрылым бойынша Атқарушы проректор әкімшілк-кадрлық саясатын жүзеге асыру, экономикалық дамыту, инфрақұрылымдарды басқару, жөндеу мен күрделі жөндеу, заңгерлік және құжаттық қамтамасыз ету,  корпоративтік дамыту, мемлекеттік сатып алу және материалдық жабдықтау,  стратегиялық пен тәуекелді басқару, сондай-ақ ақпараттық технологиялар мен динтанциондық оқыту салалары бойынша жұмыстарға жетекшілік етеді.

Мұқанов Қанатбек Нұртазаұлы — медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. 09.09.1966ж. Павлодар облысында дүниеге келген. Білімі: жоғары медициналық – Семей мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін, жоғары заңгерлік – Қазақ гуманитарлық-заң университетінің заң факультетін, жоғары экономикалық – Қазақ қаржы-экономика институтының экономика факультетін, сонымен қатар GraduateSchoolofMenegement-те (Барселона, Испания) «Ақпараттық технологиялар» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.

1989-2002 жылдары кші ғылыми қызметкер, ассистент, аға оқытушы, аға ғылыми қызметкер, доцент, профессор, СММА морфология пәндері кафедрасының меңгерушісі. 01. 2002 – 09. 2005 жылдары аралығы Семей мемлекеттік медицина академиясының бірінші проректоры оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры болды. 09.2005 – 07. 2008 жылдары Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің бірінші проректоры оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры қызметін атқарды.                      127 ғылыми еңбектің (оның ішінде 4 монографияның), 3 жаңалықтың, 12 өнертапқыштық ұсыныстың авторы. Оның жетекшілігімен 3 кандидаттық диссертация қорғалды, қорғауға 2 докторлық, 3 кандидаттық диссертация дайындалды. Үздік ғылыми-зерттеу жұмысы үшін халықаралық «Веаfur I. International» сыйлығымен (Франция, 1996), 1999 ж. медицина ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін академик С. Балмуханов атындағы сыйлығымен марапатталып, 2002 ж. ҚР Үкіметінің Мемлекеттік «Талантты жас ғалымдар үшін» стипендиясына ие болды. ҚазҰМУ-ға дейін соңғы тағайындалған қызметі орны – әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры  — Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-дың (бірінші және дара Қазақ Ұлттық зерттеу университеті) аппарат басшысы болып 8 жыл аралығы қызмет атқарды.