ҚазҰМУ ректорлары.

Нұрғожин Талғат Сейтжанұлы

C.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры

Медицина ғылымдарының докторы, профессор

1992 жылы Томск мемлекеттік медициналық университетінің әскери-медицина факультетін бітірді. Оқу бітірісімен әскери қызметке Отар қаласының 25717 әскери бөліміне жіберілді. 1986-1988 жылдары аралығы КСРО-ның Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеді.

1993-1997 жылдары С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетінің фармакология кафедрасының ассистенті, ал 1997-1998 жылдары сол кафедраның аға оқытушысы қызметін атқарды.

1999 жылы 14.00.25. – Фармакология, клиникалық фармакология мамандығы бойынша докторлықты қорғады.

2006 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетімен профессор атағы берілді.

2006-2009 жылдары Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының ұйымдастырушылық-экономикалық жұмыстар бойынша және клиникалық қызмет бойынша проректор, сондай-ақ клиникалық фармакология кафедрасының профессор қызметінде болды.

2009 жылдан Денсаулық сақтауды дамыту Институтының директор орынбасарының қызметін атқарды. 2010-2011 жылдары Ұлттық медицина холдингінің басқарушы директоры болды.

2011 жылдан Трансляциялық медицина, ұзақ өмір сүру және жаhандық денсаулық сақтау департаменті директоры, ал 2015 жылдан Назарбаев Университетінің  эксперименттік және клиникалық фармакология  институтының басшысы және Өмір туралы ғылымдар орталығының директоры қызметтерін атқарды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Талғат Нұрғожин 2017 жылдың 13 шілдесінен С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры қызметіне тағайындалды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *