Жаңалықтар.

2016 жылдың 28 сәуірінде сағат 9.00-15.00 С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Клиникалық жұмыс бойынша Департаментімен«Concordiа» театрында БС «Денсаулық сақтаудағы серіктестікті дамыту» клиникалық химиотерапевттер мен микробиологтар Альянсымен, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің қоғамдық денсаулық сақтаудағы Жоғарғы мектеппен және «TalentManagement Centre» орталығымен бірлесе отырып «Амбулаторлық тәжірибеде микробқа қарсы дәрі-дәрмектерді тиімді қолдану»жобасы аясында «Жалпы медицина» мамандығының бітіруші курстар студенттеріне, магистранттар мен резиденттерге арналған бір күндік конференция өткізілді.

Дәрістің негізгі тақырыптары:

  • Антибиотикке төзімділік пен микробқа қарсы құрылғыларды тиімді қолдану мәселелері.
  • Жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциясын антибиотикпен емдеу тиімділігі.
  • Төменгі тыныс алу жолдарының инфекциясын антибиотикпен емдеу тиімділігі
  • Урологияда, гинекологияда, сонымен қатар ЖЖБ инфекцияларды антибиотикпен емдеу тиімділігі.

Дәрістерді алдынғы қатарлы ресей медицина ЖОО денсаулық сақтау мекемелерінен: м.ғ.д., профессор Яковлев С.В,м.ғ.д., профессор Дворецкий Л.И.  И.М.Сеченев атындағы I ММУ госпитальдық терапия №2кафедрасынан; м.ғ.д., профессор Шевяков М.А. И.И.Мечников атындағы СБММУ клиникалық микология, иммунология және аллергология кафедрасынанжәне м.ғ.д.,профессорБедельбаева Г.Г.ҚазҰМУ ПОҚ ДкББИ терапия кафедрасының меңгерушісі оқыды.

Конференция өткізу аясында тыңдаушылар:

  • Құрылымдалған ақпарат пен инфекциялық ауруларды микробқа қарсы дәрі-дәрмектермен емдеу жолында жаңа білім;
  • Барлық дәріс құралдарымен жұмыс дәптерін;
  • Мәселенама бойынша қосымша әдебиеттерге,жоба жаңалықтарына, РФ мен ҚР болашақ серіктестерінің тілдесуіне, сонымен қатар жеке кабинетіңізден тесттен өтуге және конференция қатысушысы сертификатын алуға қолжетімділік беретін antibiotik.pro жобаның сайтына тіркелу үшін бірегей сандық код алды.

Жұртқа мәлім, соңғы жылдары пациенттерді емдеу сапасы мен нәтижесіне тікелей әсер ететінантибиотикке төзімділік ғаламдық мәселелердің бірі болып табылады.

Сонымен бірге, антибиотиктерді жаппай қолдану (көбінесе қадағалаусыз) өсуде, ал объективті мәселелер күшіне жаңа микробқа қарсы дәрі-дәрмектерді қолдану болашағы аса үміттендірмейді. Дәрігер-маманның қалыптасуының ерте кезеңіндеантибиотиктерді ойластырылған, ұтымды тәсілдемесін қолдану аса маңызды болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *