“Альма Матер” Лидерлік Дебат клубының ұйымдастыруымен «ІІІ Дәстүрлі МедЛига»




31.03.2015

Альма Матер” Лидерлік Дебат клубының ұйымдастыруымен

«ІІІ Дәстүрлі МедЛига»

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті биыл республика деңгейінде атап өтілетін «Қазақ Хандығының 550 жылдығы» және «Ата Заңымыздың 20 жылдығы» сынды мерекелерге орай “Альма Матер” Лидерлік Дебат клубының ұйымдастыруымен 2015 жыл наурыз айының 28-29 күндері Республика бойынша медициналық оқу орындарының студенттері арасындағы байланысты арттыру, пікір-сайыс ойындары арқылы жастардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру, жастардың бойындағы патриоттық сезімді дамыту мақсатында жыл сайынғы «ІІІ Дәстүрлі МедЛига» пікір-талас турнирі өтті.

Дәстүрлі турнирге М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, Астана Медицина Университеті, Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті,Семей қаласының Мемлекеттік Медицина Университеті, Семей қаласы Авиценна медициналық колледжі, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті, «Интердент» Медициналық  колледжі, Республикалық медициналық колледжі, Профессор Рузуддиновтың Стоматологиялық  колледжі, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика академиясынан  жалпы 30 фракция, 70 қонақ қатысты.

            Турнирдің бірінші күні «Даңқ залында» Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінің оқу-тәрбие жұмыстары бойынша проректоры Төлебаев Қазбек Ағабылұлы алғы сөзімен «ІІІ Дәстүрлі МедЛигасы» салтанатты түрде ашылды. Әрбір университеттен келген дебат ойыншылары таныстырылып, алдағы ойын барысы түсіндірілді. Келген қонақтарды Университетпен таныстыру мақсатында университет аумағында, тарихи мұражайда және анатомия музейінде экскурсия жүргізілді.

            Тіркелген 30 фракция  төмендегідей 7 топқа аймақтар бойынша бөлінді:

 

Группа А Группа В Группа С Группа D Группа E Группа F Группа G
Монохром Статус Грифиндор Әріптестер Эверест 2 Эверест 3 Эверест 1
Сымбат-Айзат Спирт тамшылары Стом KZ1 Эрудит Дивергент Инсургент Junior
13 Легион Eagles A&J Аристократ Смайл Enigma Микс Шал мен Кемпір
Салауат үшін Тарих Шығыс Феникс Қымбатовтар Лашын Стом KZ 2
Асан мен Үсен

                Сонымен қатар,  қонақтар мен қатысушылар арасында ҚазҰМУ-нің спортзалында  жігіттер арасында шағын футболдан, ал қыздар арасында волейболдан жарыс өткізілді.

            «Даңқ залында» өткен финал қорытындысы бойынша «ІІІ Дәстүрлі МедЛига» жеңімпазыСемей қаласының Мемлекеттік Медицина Университеті «Junior» фракциясы және  2 орынды Республикалық медициналық колледжі, 3 орынды Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті алды.

            Турнир соңынан барлық қатысушылар мен ұйымдастырушымен бірге «Көктебе» демалыс орнында бейресми іс-шара өткізілді.