Жаңалықтар.

Студенттерді әлеуметтік қолдау және қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында шаралардың алдын алу мақсатында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен интерндері студенттік ортада салауатты өмір салтын ынталандыру мен пайдалы дұрыс тамақтануды насихаттау бойынша жыл сайын жүргізілетін бірқатар дәріс оқу жұмысы өз жалғасын табуда.

Алматы қаласының бірнеше басты жоғары оқу орындарында   (М. Тынышбаев ат. ҚазККА, АЭжБУ, Қ.И. Сәтбаев ат. ҚазҰТЗУ,  Абай ат. ҚазҰПУ, «Тұран» университеті) студенттерді әлеуметтік қолдау және қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Р. Жармағанбеттің ат салысуымен «Неврология және нейрохирургия» кафедрасының профессоры   С. Туруспекованың жетекшілігіндегі (ЖМ12-066(1) топтың студенттері Альжанова Ж., Ахмет Д., Идрисова М., Курарова К., Махсатова М., Оспанова Г., Тен И.,  «№ 3 жалпы дәрігерлік тәжірибе» кафедрасының ассистенті К. Исаеваның жетекшілігімен (721, 723) топтарының интерндері Э. Айнакулова, Е. Мишина, А. Нуртазина және «№ 2 жалпы дәрігерлік тәжірибе» кафедрасының доценті С. Салимова, ассистенттері А. Жукембаева,  К. Капарова, «Жедел және шұғыл медициналық жәрдем» кафедрасының доценті А.М. Нашкенова, «Аралас пәндер курсы бар № 2 ішкі аурулар» кафедрасының оқытушылары жоғары оқу орындарымен таңдалған әр түрлі тақырыптағы дәрістерді тыңдаушылардың қызығушылығын тудыра отырып, көрнекті материалдар, бейнежазбаларды қолдана отырып оқыды. Білім алушылар арасында оқылған дәрістердің тақырыбына байланысты сауалнама жүргізіліп, олар өз ойларымен бөлісті. Дәріс берушілер, жүргізген викторинаға қатысқан сол оқу орнының студент-жеңімпаздарын естелік сыйлықтармен марапаттады.

ЖОО жауапты тұлғалары мен студенттері өткізіліген іс-шараға ризашылықтарын білдіріп, дәріс соңында жоғары деңгейде өткізуге ат салысқан тұлғалардың еңбегін бағалап, М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы, Алматы энергетика және байланыс университеті  алғыс хатпен марапаттады.

Алдағы уақытта, бұл іс-шараны ұйымдастыруда кафедра оқытушылары мен білім алушы студент, интерндерін барынша белсендіре қатыстырып және  сонымен қатар, оқу орындарының санын арттыра отырып жүргізсе, нәтижесі зор болатыны сөзсіз.

Студенттерді әлеуметтік қолдау және қызмет көрсету бөлімі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *