Жаңалықтар.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кітапханасында, № 2 оқу залында № 222 аудиториясында «Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» іс-шарасы 29.05.2014 жылы  сағат 14.00-де  өткізілді.

Іс-шара мақсаты: 2013-2014 оқу жж. университеттің  тәрбие жұмысы бойынша жоспарланған.  «Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» атты Алматы қаласы тарихы музейінің қуғын-сүргін бөлімінің «Алашқа айбын болатын арыстар» атты жылжымалы көрме-дәрісін студенттерге көрсету, «Жерұйық» қоғамының «Тауқымет пен тағзым» жинақ дискі  арқылы тарихқа тағзым ету. ПОҚ құрамымен студенттерді Отансүйгіштікке баулу болып табылады.

Қонақтары: Алматы қаласы тарихы музейінің қуғын-сүргін бөлімінің меңгерушісі Нәзира Құдайбердіқызы, «Жерұйық» қоғамының президенті Болатбек Төлепберген, Республикалық қуғын-сүргін қауымдастығының президенті Жұмабек Асуұлы болды.

Іс-шараға ЖМ, стоматология факультеттерінің 1 курс студенттері қатысты.

Модератор т.ғ.к., доцент Н.К. Дюсенова  келген қонақтарды таныстыра отырып қуғын-сүргін және ашаршылыққа ұшырағандарды еске алу мақсатында 1 минут еске алуды өтінді.

Іс-шараны Қазақстан тарихы және әлеуметтік-пәндер кафедрасының меңгерушісі филос.ғ.к., доценті З.У. Бисембаева ашып кіріспе сөз сөйледі: — ХХ ғасырдың сталиндік қуғын-сүргін саясаты қазақ халқының саяси, мәдени өміріне зор шығын келтірді. Бұл қазақ халқының ұлттық қалыптасу үдерісіндегі, сапалық құрамындағы ауыр, орны толмас зардаптары болды деді. Бұл – Кеңес Одағында сталиншілдік, әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің нығая бастаған тұсы. Бұл кезде Қазақстанда Ф. Голощекиннің «Кіші октябрь» аталған саясатын жүзеге асыруға кіріседі. Саяси қуғын-сүргіннің үшінші кезеңі – 30-шы жылдардың басын қамтиды. Бұл кезеңге Алаш қозғалысы жетекшілері мен қатардағы мүшелерін жаппай түрмеге жабу мен соттау белең алды деп тың мәліметтер келтірді.

Алматы қаласы тарихы музейінің қуғын-сүргін бөлімінің меңгерушісі Нәзира Құдайбердіқызы «Алашқа айбын болатын арыстар» жылжымалы көрме-дәрісін оқыды. Дәрісте қойылған жылжымалық 7 тақтада «Алаш көсемдерінің» зиялы қауым оның ішінде қуғын-сүргінге ұшыраған  саяси элита өкілдері, дәрігерлер, ғалымдар, мәдениет өкілдері және оның қазақ ұлттық санасына оятудағы кезең-кезеңге бөлінген қызметтері фото-шежіре арқылы баяндады. Оның жас ұрпаққа аманатқа қалдырған өршіл ойлары туралы студенттермен бөлісті.

«Жерұйық» қоғамының президенті Болатбек Төлепберген Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Алматы қаласында үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру бойынша тапсырысы аясындағы тікелей қолдауымен «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі биылғы жылы 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Тауқымет пен тағызым» атты жинақ дискісілерді жарыққа шығарды. Үш дискіден тұратын жинақтың бірінші дискісіне саяси қуғын-сүргін құрбандарының әндері және тақырыпқа сай әндер мен күйлер, екінші дискіге көркем-суретті және деректі фильмдер, бейне және фото мәліметтер, үшінші дискіге саяси қуғын-сүргін құрбандарының шығармалары, естеліктері, тақырыпқа сай мұрағат материалдары, көркем шығармалар мәтіндері топтастырылған жинақты табыс етті.

Республикалық қуғын-сүргін қауымдастығының президенті Жұмабек Асуұлы: «Бүгінгі жиын саяси-қуғын сүргінді жүрегінен өткізген қайсар  ұл-қыздарымыз үшін бұл өте құнды дүние болмақ. Кісіні ойға жетелейді, намысыңды оятады, жігеріңді жаниды. Бастысы — халқымыздың сүйегінде бар дегдарлық пен батырлықтың қандай қиын күнде де өз биігінен түспейтіндігіне студенттерге естіп көре отыра өздерінен кейінгі ұрпаққа  мұра» -деп осындай шақыруларға болашақтада келетіндігін айтты.

Стоматология факультетінің 1 курс Қалдыбай Жұлдызай келген қонақтарға алғысын білдіріп «Алаш арыстарына» өз өлең шұмағын оқыды. Сонымен қатар студенттер тарапынан тақырыпқа байланысты  қойылған  сұрақтарға қонаұқтар толыққанды жауап беріп отырды.

СӘМҚД бөлім бастығы Малаева Индира Естайбекқызы Тәуелсіз Қазақстанда 1998 ж. — «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»  деп жарияланып, ашаршылық, репрессия жылдары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көптеген мақалалар жарияланып игі шаралар ұйымдастырылды, тоталитарлық идеология әшкереленді. Биыл С. Асфендияров осы университеттің негізі қалаушы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткер, ғалым, дәрігер жыл бойы аталынып өтпекші. Бүгінгі іс-шара, тәрбиелік мақсаттағы бастамасы. Қазақстанның   түкпір-түкпірінде 31 мамыр азалы күн ретінде аталып өтіледі деп іс-шараны қорытындылады.

Іс-шара соңында С.Ж. Асфендияров бюстіне барып гүл шоғын қойып, университет мұражайына студенттер мен қонақтар  экскурсия жасап естелікке фотоға түсті.

 

Ұйымдастырушылар: Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаменті,  Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы, жалпыбілім беру департаменті (филос.ғ.к., доцент З.У. Бисембаева, т.ғ.к., доцент Н.К. Дюсенова, т.ғ.к., аға оқытушы М.Қ. Дауытбекова, доцент Ғ.Т. Рсалдина).

 

SAM_9407IMG_6483IMG_6473Малаева Индира 02Малаева Индира01SAM_9436SAM_9416

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *