Академиялық қызмет бойынша проректор

Байльдинова Клара Жеңісқызы

 

Байльдинова Клара Жеңісқызы 1991 жылы  «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Семей мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетін үздік бітірді.

«Қаржылық менеджмент» және «Шет тілі» мамандықтары бойынша жоғарғы білімі бар.

1991-1993 жж «Ішкі аурулар» мамандығы бойынша клиникалық ординатурада оқыды.

1993 жылдан бастап  ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының ассистенті болып жұмыс атқарды. Он жылға жуық кафедрада ағылшын тілінде құжаттарды жүргізу мен оқытуға жауапты болды.

2007 жылдан  2012 жылға дейін инновациялық технологиялар және оқыту сапасын бақылау бөлімінің бастығы, Білім берудегі үздіксіз кәсіптік даму және зерттеу орталығының бастығы болып жұмыс атқарды.

2012 жылдан 2017 жылға дейін Семей қ. ММУ Сапа және Үздіксіз білім беру бойынша проректор қызметін атқарды. Кандидаттық диссертация тақырыбы 14.00.33 Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша «Медициналық жоғарғы оқу орнында кадрларды даярлауды жетілдірудегі ұйымдастырушылық қатынас».

2017 жылдың қазан айында С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Академиялық қызмет бойынша проректоры болып тағайындалды.

2005 жылдан бастап, әр жылдарда Малайзия, Дания, Ұлыбритания, Израильде жоғарғы медициналық білім берудегі дипломдық және постдипломдық білімді ұйымдастыру сұрақтары бойынша оқудан өтті.

 

Жұмыс тел. 8727-338 79 10 (ішкі 7910)

email : [email protected]