Жаңалықтар.

«Академиялық топтыңең үздік тьюторы, тәлімгері» атағына байқауды өткізу туралы»  ережеге сәйкес университетте тәрбие жұмыстарының жалпы жүйесінде тьюторлық, тәлімгерлік қызметін жетілдіру және жандандыру, сонымен қатар,тьютор, тәлімгерлер жұмысының жаңа тәсілін табу, алдыңғы қатарлы оқу-тәрбиелік тәжірибесін таратумақсатында  «Жалпы медицина», «Стоматология», «Кәсіби дайындық (интернатура және резидентура), «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультеттерінде І таңдау айналымы өткізіліп, төменде көрсетілген тьюторлар мен тәлімгерлер жеңімпаздар болып танылды:

  • Алмабаева Н.М., «Стоматология» факультетінің тьюторы;
  • Бегимбетова Г.А., «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің тьюторы;
  • Исаева К.К., «Кәсіби дайындық» (интернатура) факультетінің тәлімгері;
  • Нуртаева Г.К., «Стоматология» факультетінің тьюторы;
  • Оспанова С.Т., «Кәсіби дайындық» (интернатура) факультетінің тьюторы;
  • Умирбекова З.К.,«Стоматология» факультетінің тьюторы;
  • Исаева Ж.Т., «Жалпы медицина» факультетінің тьюторы;
  • Танеева Г.Т., «Жалпы медицина» факультетінің тьюторы.

ІІ айналымның байқау комиссиясының жалпы университеттік құрамы 2015 жылы 13 қарашада талапкерлердің құжаттарын  қарастырып, келесі анықтады:

 

  • «Академиялық топтыңең үздік тьюторы, тәлімгері»2015 жылғы  атағы Исаева Корлан  Кудайбергеновнаға беріледі;
  • «Студенттерді шығармашылық және салауатты өмір сүруге тартқаны үшін»2015 жылғы атағы Алмабаева Нургайша Махаметшариевнаға беріледі;
  • «Студенттерді ғылыми жұмысқатартқаны үшін» 2015 жылғы атағы Нуртаева Галия Кадырхановнаға беріледі;
  • «Тәрбие жұмыс бойынша әдістемелік оқу құралын дайындағаны үшін» — 2015 жылғы  атағы Оспанова Сауле Турсынгалиевнаға беріледі;
  • «Студенттер арасында еріктілер қозғалысын дамытқаны үшін» — 2015атағы Бегимбетова Гульшат Алтаевнаға беріледі;
  • «Университетте тьюторлық, тәлімгерлік қызметіндегі жаңартпасы (инновация) үшін» 2015 жылғы атағы Умирбекова Замзагуль Климовнаға беріледі.

Конкурс жеңімпазын салтанатты марапаттау «Университет күндерін» мерекелеу шеңберінде болады. Жеңімпаз құрмет грамотасы мен ақшалай сыйлыққа сертификат алады№

 

 

Әлеуметтік-тәрбие  жұмыстары жөніндегі басқарма

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *