Жаңалықтар.

15-сәуір күні «Жалпы гигиена және экология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік-топтық сайыс болып өтті.
Жастардың бойында салт-дәстүр, әдеп-ғұрыпты насихаттау туралы түсінікті қалыптастырып,тарихи құндылықтарымызды жаңғырту мақсатында өткен мерекелік сайыс өте сәтті болды. «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің студенттері бұл сайыс бойынша 4-түрлі сынақтан өтті. Әрбір топтың студенттері бірнеше ауылға бірігіп, таныстыру, өз өнері, салт-дәстүр туралы сұрақтар, ұлттық ойындар ойнау кезеңдерінен тұрды. Әрбір ауыл өнерпаздары ән айтып, би билеп, күй тартып, көркем сөз, өлеңдер оқыды.
«Жалпы гигиена және экология» кафедрасының тәрбие ісіне жауапты, ҚазҰМУ профессоры Джуланова Куляш Нұрмұханбетқызының және 1 курс студенттерінің кураторлары: Адилова М.Т.,Искакова А.Н.,Ибраимова А.А., Косемова Э.Т., Балабекова Ж.Ж., Баялиева Р.А., Ибрагимова Н.А., Сыздықов Д.М., Ахметова Ж.Ш қатысуымен кеш ұйымдастырылды. Кеш соңында әрбір ауыл дипломдармен, жеке өнерпаздар грамоталармен марапатталды. Кешті университетіміздің тәрбие жұмысын басқарушы Тілесова-Бегалина Раушан Аманбекқызы және тәрбие-ісі жөнінде шығармашылық басқарушы Абсаттарова Салтанат Айкенқызы, «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің тәрбие ісі жұмысы жөніндегі декан орынбасары Сүлейменова Гүлім Хафизқызы жоғары бағалады. Кешке музыкалық қолдау көрсеткен Абильдаев Данияр Айболсынұлы.
Дәл осындай өткізілген іс-шаралар әрбір студенттің көкейіне жақсы әсер қалдырары анық.

Жалпы гигиена және экология кафедрасының
тәрбие ісіне жауапты, ҚазҰМУ профессоры Джуланова К.Н.,
Қоғамдық денсаулық сақтау
факультетінің студенті Булякбаева Г.А.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *