Жаңалықтар, Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі.

«Қазақстанда егде жастағы тұлғалардың белсенді ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етудегі қартаюға қарсы модельді әзірлеу» (2011-2013 жж.) ғылыми-техникалық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2011 жылдың 27 маусым және 8 шілде аралығында Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің базасында визитинг профессор бағдарламасы бойынша келесі шет елдік мамандардың қатысуымен «Ғылыми зерттеулер менеджменті: зерттеу дизайнын әзірлеу» атты интерактивті білім беру семинары болып өтті:

  • Гиммельфарб Юрий Эдуардович – Аудандық денсаулық сақтау министрлігінің маманы (Реховот қаласы, Израиль);
  • Каганский Михаэль — Герцфельд Гериатриялық ауруханасы реанимация бөлімшесінің директоры (Израиль);
  • Зоар Авив — «Каплан» медициналық орталығы Гериатриялық және кардиологиялық бөлімшесінің директоры (Реховот қаласы, Израиль).

Екі апталық семинарға магистранттар мен PhD докторанттары (17 магистрант және 3 докторант), орындалып жатқан ғылыми-техникалық бағдарламаға қатысушы оқытушылық-профессорлық құрам және өзге Ғылыми-зерттеу институттарының мамандары (35 тыңдаушы). Барлығы 55 тыңдаушы.

Семинар жұмысының барысында ғылыми-техникалық бағдарламаның барлық бөлімдері (эпидемиологиялық, клиникалық, эксперименталдық, лабораторлық, остеопороз проблемасын зерделеу бойынша бөлім және ақпараттық технологиялар) егжей-тегжейлі талқыланып, семинар соңында тыңдаушыларға сертификат берілді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *