Хабарландыру.

Құрметті оқытушылар және студенттер!

Жеңіс күні біздің баршамыз үшін халқымыздың жанқиярлық ерлігінің нышаны, ержүректілік пен төзімділіктің және қаһармандылықтың символы. Ылайым, біздің ата-бабаларымыздың ерлігі өскелең ұрпақ үшін өжеттіліктің, намысшылдықтың, адамгершіліктің зор үлгісі болсын. Осы бір тамаша мереке – 9 мамыр күні сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, мол бақыт, амандық және ашық аспан тілейміз!

«Бейбіт өмір – Тәуелсіз ел қалауы, мәңгі сөнбес Ұлы Жеңіс алауы!» деген ұранмен Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі бөлім «Ешкім де ешқашан да ұмытылмайды!» атты театрландырылған қойылым өткізеді. Іс-шара 06.05.2011 жылы Ректорат алаңында сағат 11:00-де басталады.

 

Ұйымдастырушылар: Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі бөлім

Студенттік ұйымдар

Әскери дайындық кафедрасы

Университеттің кәсіп одақ комитеті


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *