Хабарландыру.

Жастардың шығармашылығын дамыту мақсатында Алматы қаласында «Арда» газетінің ұйымдастыруымен және Алматы қаласы білім басқармасының және «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің қолдауымен Қазақстан Респуликасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы арналған «Ел еңсесі — Егемендік!» атты шығармашылық сайыс өтеді.

Қала көлеміндегі ұйымдастырылған сайысқа жас дарындарды қатысуға шақырамыз.

«Ел еңсесі — Егемендік!» атты шығармашылық сайыстың

ЕРЕЖЕСІ

1. Мақсаты мен міндеттері:
1.1.       Дарынды балаларды табу, олардың қабілеттерін дамытуға жағдай жасау;
1.2.       Жастарға қазақтың салт-дәстүрдің, әдеби қазынасын насихаттау;
1.3.       Отанға деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ояту;

2. Сайыс кезеңдері:
2.2. Шығармаларды қабылдау 2011 ж. 10 қарашаға дейін;
2.3. Қорытынды марапаттау 2011 ж. 1 желтоқсанда өтеді;

3. Сайыстың номинациялары:
3.1.       Поэзиялық өлеңдер сайысы (Егемендік немесе патриоттық тақырыпта 1 өлең, еркін тақырыпта 1 өлең);
3.2.       Прозалық әңгіме сайысы (Еркін тақырыптағы 1 әңгіме);

4. Сайыс шарттары:
4.1.       Жолданған өлеңдер 5 шумақтан аспауы тиіс (өлеңдер іріктеуден өтеді);
4.2.       Әңгімелер 4 компьютерлік беттен аспауы тиіс;
4.3.       Сайысқа қатысуға үміткерлер шығармаларымен бірге кәсіби студияда түсірілген фотосуретін және қысқаша өзі туралы мәліметтерді жіберуі керек (Толық аты-жөні, мектебі немесе университеті, мекенжайы, тел.);
4.4.       Шығармалармен бірге «Арда» газетінің Қазпошта арқылы 2011 жылдың 2-ші жарты жылдығына жазылған түбіртегі жіберілуі міндетті шарт. Газеттің жазылу индексі – 64403;

5. Сайыс ережесі:
5.1.       Сайысқа Республикадағы барша мамандандырылған білім ордалары қатыса алады;
5.2.       Сайысқа қатысушылар саны шектелмеген;

6. Сайыстың өткізілу орны:
Алматы қаласы, Оқушылар сарайы, Ертегілер залы;

7. Жүлде қоры:

  • Дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады;
  • Жеңімпаздардың жұмыстары жеке жинақ болып басылады;
  • Үздік өлеңдер мен әңгімелер тұрақты түрде «Арда» жас ақындар газеті бетіне жарияланады;
  • Жүлделер:

1-орын – 75 000 теңге (екеу);
2-орын – 50 000 теңге (екеу);
3-орын – 25 000 теңге (екеу)
Ынталандыру сыйлығы – 5 000 теңге және ұялы телефондар;

8. Ұйымдастыру алқасының мекен-жайы:

Алматы қаласы, Достық даңғылы 124, 154 кеңсе.

Байланыс тел.: 8(727) 264-25-94, 8 705-913-90-74


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *