Хабарландыру.

01.07.2011 ж. «Денсаулық сақтау және фармациядағы менеджмент» факультеті 2011-2012 оқу жылына төмендегі мамандықтар бойынша құжаттар қабылдайтынын хабарлайды:

«Мейірбике ісі» (бакалавриат) – оқу мерзімі 4 жыл;

«Менеджмент» (бакалавриат) — оқу мерзімі 4 жыл;

«Менеджмент» (сырттай оқу бөлімі) жоғары білім деңгейі бойынша,  оқу мерзімі 2 жыл;

«Менеджмент» (сырттай оқу бөлімі) орта арнайы (экономикалық) білім деңгейі бойынша, оқу мерзімі – 3 жыл;

«Менеджмент» (сырттай оқу бөлімі) орта арнайы (медициналық, заңдық, педагогикалық және т.б.) білім деңгейі бойынша, оқу мерзімі – 5 жыл.

Магистратура мамандықтары бойынша:

«Медицина», «Фармация», «Қоғамдық денсаулық сақтау» – күндізгі оқу бөлімі, оқу мерзімі — 2 жыл.

PHD докторантура — «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы – күндізгі оқу бөлімі, оқу мерзімі — 3 жыл.

Құжаттарды мына мекен-жайда қабылданады:  050012, Алматы қаласы, Масанчи көшесі 38, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, қабылдау бөлімі,  тел.8(727) 2 92 67 01.

«Денсаулық сақтау және фармациядағы менеджмент» деканаты: 050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі 88, телефон 8 (727) 2 92 69 69 (ішкі 330,331).


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *