«Театр маусымы»




30.03.2015

«Театр маусымы»

          2015 жылдың наурыз айында Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің ұйымдастыруымен барлық факультеттің 1-курс студенттері театр қойылымдарын тамашалады.

Студенттер театрдан жан азығы мен рухани байлық алды деген ойдамыз. Себебі қойылымдар тәрбиелік мәнімен, студенттерімізге көтеріңкі көңіл сыйлады. Әртістер өз рөлдерін тамаша сомдап, театрдағы қойылым өз жаңашылдығымен, өнерлік және өрелік биігімен студенттердің көңілінен шықты.

16.03.2015ж.  күні  Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының «Жүз жылдық махаббат» қойылымына  – 200 студент барды.

17.03.2015ж. күніБайтен Омаров атындағы «Жас сахна» театрының «Бестолочь» қойылымына – 100 студент барды.

18.03.2015ж.  күні  Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының «Отелло» қойылымына  –100 студент барды.

19.03.2015ж. күніуниверситетіміздің «Concordia» театрында «Мен, ұмытылмаймын…» аттыМ.Мақатаевтың лирикалық драмасынҒ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының әртістерінің сомдауыменбарлық факультеттердің студенттері мен ОПҚ тамашалады. Қойылымға қатысқан жалпы көрермендер саны – 1000;

29.03.2015ж. күні Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Қара шекпен» қойылымын– 200барды;

Барлығы – 1600 студент және Әкімшілік басқару қызметкерлерімен тьюторлар театр қойылымдарын тамашалады.