Тарих

ҚазҰМУ-не  Сапа менеджмент жүйесін енгізу тарихы

 

1С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-не сапа менеджмент  жүйесін (СМЖ)  енгізу Қазақстан Республикасы Президентінің  04.03.2005 жылғы №523 «Жалпымемлекеттік жоспар іс-шараны жүзеге асыру 18.02.2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауы бойынша» бұйрығын жүзеге асыру мақсатында № 191а   05.09.2005 ж. ректордың бұйрығы негізінде басталды.

Міндетті құжаттар тізімін KazRegconAsia консалтинг бірлестігі құрды, ол № 21225  NQARussia  арқылы NQA сертификатты алынды. Сертификат 2006 жылдың 14 маусымынан – 2009 жылдың 14 қыркүйегіне дейін жарамды. Сонымен:

– 2011 жылға дейін барлық білім беру мекемелерінде СМЖ енгізу мақсаты қойылган «Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейін менеджмент жүйесін даму концепциясын» іске асыру мақсатында

-халықаралық білім беру кеңістігіне кіру және Болоньялық декларациясына   енуге  байланысты

– 2010 жылы университеттің   жаңа басшылығымен университетте СМЖ  қайта енгізу туралы шешім қабылданды.

 

 

ҚАЗҰМУ-не САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ

 

 

1 кезең. Сапа жөніндегі басшылығын және жауапты тұлғаларды тағайындау. 2010 жылдың ақпан айында ректордың №36 бұйрығымен СМЖ бөлім бастығы,  Сапа жөніндегі басшысы және СМЖ  жұмыс  күйінде қолдау әрі енгізу және уәкілдікті бөлетін  әрі  құрастыруға жауапты  Табаева А.А. тағайындалды. Осы бұйрықта құрылымдық мекемелерде СМЖ жауаптыларды да тағайындау айтылған.

Барлық құрылымдық  мекемелерде СМЖ қатысты сауалдарды тиімді әрекеттесуіне байланысты Сапа бойынша Кеңес құрылды. Оған құрамына барлық проректорлар және СМЖ бөлім басшылары кіреді.

 

 2

 

 

 

 

 

 

 

 

Табаева Алия Абиловна 2009-2014 жылдар аралығында ҚазҰМУ СМЖ функционалды жұмысын енгізіп басқарған ( әртүрлі жылдарда – СМЖ бөлімінің бастығы, Сапа жөніндегі басшылық өкілі, СМЖ бөлімінің кураторы қызметін  атқарған).

2010 жылдың наурыз айы ректордың № 28 бұйрығымен 20 СМЖ ішкі аудиторлары тағайындалды.

2 кезең. Сапа саласындағы саясатты және мақсаттарды анықтау. СМЖ бөлімі және басқа құрылымдық мекемелер 2010-2013 жж. Сапа саласында ҚазҰМУ мақсаттары және саясат анықталды. 2010 жылдың 27 сәуірінде құжатты  барлық құрылымдық мекемелерге таратылып, қызметкерлердің таныстығы құжатталған түрін Ғылыми Кеңес бекітті. Университеттің қызметін жақсартуын негізгі бағыттары анықталды.

 

 3

 

3 кезең. СМЖ міндетті құжатталуын құрастыру. 2010 жылдың маусым айында ректордың бұйрығымен Сапаның құжатталған процедураларын СМЖ бөлімінің қызметкерлері және ішкі аудиторлар құрастырып, бекітті.

Сапаның құжатталған процедуралары:

  • « Құжаттарды басқару»
  • « Жазбаларды басқару»
  • «Ішкі аудит»
  • « Сәйкессіздіктерді басқару»
  • «Түзету және алдын алу әрекеттері»
  • «Басшылық тарапынан талдау»

2010 жылдың қараша айы. СМЖ бөлім қызметкерлері «Сапа жөніндегі нұсқаулық» құжатын құрды. Ол ректордың №671 бұйрығымен бекітілді. Нұсқаулықта университеттің  негізгі бизнес-процессі, бақыланатын параметр процессі анықталған және олардың нәтижелілігінің критериялары жазылған:

  • Білім беру
  • Тәрбие
  • Ғылыми-зерттеу
  • Емдік-диагностика
  • ПОҚ және медицина қызметкерлерінің квалификациясын жоғарылату.

 

 

4 кезең. Ішкі аудит жүргізу. 2010 жылдың маусым-қазан айларында 9001 СжХҰ ХС-на университет бөлімшелері нормативті талаптарға  сәйкес екендігін диагностикалық аудит қызметі өткізілді.

5 кезең. Басшылық тарапынан талдау. 2010 жылдың қазан айында Сапа бойынша Кеңестің алғашқы жиналысында ішкі аудиттің қорытындысы тыңдалды. Университет қызметін жақсарту Жоспары құрылып бекітілді.

 

6 кезең. 2010 жылдың қараша айында Ғылыми Кеңес «Үздіксіз жақсарту Кайдзен Идея стратегиясын»  бекітті.

Қызметтiң барлық түрлерiнде сапаны үздiксiз жақсарту үдерісін университеттiң барлық қызметтерін тарту активизация мақсатымен жасалып және «Кайдзен үздіксіз жақсарту стратегиясы Идеяларын» iске асыру туралы ережесi 2010 жылдың 4 қарашасында Ғылыми Кеңестiң мәжiлiсiнде бекітілді. 18.01. 2011 жылғы №21 ректордың бұйрығында Идеялардың  университетке пайдалылығы және iске асыру мүмкiндiгi жөнiнде бағалау үшiн тұрақты Жұмыс тобын ұйымдастырған,  оның төрағасы  университет ректоры А.А.Ақанов болды.

 4
«Кайдзен үздіксіз жақсарту стратегиясы Идеяларын» iске асыру туралы авторлармен жеке келiсiм шартқа отырған, келісім шарт  ережелерi бойынша университтің экономикасына пайдалы деп  танылса, сыйақы ақша беріледі, ескерiлген шартта сыйақы беру өлшемімен шарты жазылған. Сапа менеджмент жүйе бөлiмі жүзеге асырылған Идеялардың авторларына ректормен бекітілген сертификатпен марапатталады.

Пайдалы Идеяларды енгiзу және iске асыру мақсатында Кайдзен стратегиясын iске асыру бойынша Жұмыс тобының қорытындысы бойынша танылған  жұмыстарды тиiстi құрылымдық бөлiмшелерге берiледi.

 

Кайдзеннiң жүзеге асырылған идеяларының авторлары

Идеялар жиыны үшiн арнайы толтыру бланктерi және жәшiк жасалған, сонымен қатар университет сайтында идеяларды беру үшін электрондық бланк жасалған.

 

 5  7 кезеңҚазҰМУ СМЖ  сертификациясы.  СМЖ бөлiмi 2011 жылдың маусымында университеттiң сыртқы аудитiн ұйымдастырды. Сыртқы аудит тексерушiлері (бастаушы тексерушi Махмудов А, аудиторлар : Сарбасов Б, Суранчиева Г).   SGS серiктестiгiнiң өкiлдерiмен жүргiзiлдi. 2011 жылдың 2 маусымнан  18 маусым аралығында 31 құрылымдық бөлiмшелердi тексерілді. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қызметі қорытындылап келгенде ISO 9001:2008-шi талаптарға сай деп бағаланып және «SGS»  серiктестiгiнiң халықаралық үлгiдегі сертификаты, Швейцария (№ HU11/5879 2011 жылдың 20 маусымы) және осы сертификат күші  2011 жылдың 20 маусымынан 2014 жылдың 19 маусыма дейiн жарамды деп танылады.
8 кезең. 2011 жылдың 25-28 қарашасында ҚазҰМУ-нде СМЖ 6жұмыс істеуін және жетілдіруіне 18 ішкі аудиторлар дайындалып, тағайындалды.

Университет бойынша барлығы 35 аудитор  ішкі аудитке қатысады.

СМЖ бөлiмi ішкі аудиторлардың және бөлім қызметкелердің біліктілігін жоғарлату  сабақтары үнемi жүргiзiліп отырады:

 

     – 2011 жылдың қарашасында «Денсаулық сақтау мен 7фармациядағы менеджмент» кафедрасымен бiрге халықаралық «ALD» серiктестiк тобының президенті Зигмунд Блувбандтың (Израиль)  мастер-классы ұйымдастырылды. Ашық дәрiстi магистранттар, студенттер және СМЖ бойынша жауапты кафедралар тыңдады. Мастер-класс «Талдауды басқару: Сапаны басқару» тақырыбына  20 iшкi аудитор қатысты;

 

–    Iшкi аудиторлардың жиналған тәжiрибе негiзiнде жұмыс оқу бағдарламасы « Жоғары білім беру ұйымдарында сапа менеджментінің негіздері» ПОҚ, құрылымдық бөлiмшелер, iшкi аудиторлардың (авторлары: А.А.Табаева, Ұ.Ә. Нұралиева, 2012 жыл)  біліктілігін жоғарлату мақсатында өткізілді. Біліктілікті жоғарлату циклі бiлiм беретiн мекемелердiң ПОҚ, iшкi аудиторларға және құрылымдық бөлiмшелердің жетекшiлеріне арналған. Циклдің негiзгi мақсаты ұсынылған қызметтердiң бiлiм беру мекемелерінде сапаны жақсарту үшін сапа басқару жүйесi және оның рөлi болып табылды. Цикл бағдарламасында стратегиялық менеджмент, сонымен қатар бiлiм беру мекемесіндегi халықаралық менеджмент қызмет негiзiнiң сұрақтары болады. 2012 жылдың наурызынан бастап дипломнан кейінгі орталығының базасында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ сапа менеджмент жүйесі бөлімі «Жоғары білім беру ұйымдарында сапа менеджментінің негіздері» атты біліктілігін жоғарлату  сабақтарын тұрақты циклін жүргiзедi;

– Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң қолдауымен сапа бойынша жыл сайын өтетін халықаралық форумға, «Ішкi аудит» тақырыбы аясында мастер- класстарға ҚазҰМУ СМЖ бөлiмiнiң қызметкерлерi және басқада бөлiмшелер қызметкерлері қатысады.

27.04.2010 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми Кеңес мәжiлiсінде бекітілген Саясат және Сапа саласындағы мақсаттардың орындалуы және жүзеге асыруға  сәйкес барлық құрылымдық бөлiмшелерде жыл сайын iшкi аудит жүргiзiледi. Іщкі аудит атқарылатын жұмыс сәйкестiгiнiң iшкi бағасының өткiзілуі, құрылымдық бөлiмшелер нормативті құжаттардың  талаптарға және тұтынушылардың белгiлейтiн регламент талаптарына сай жүргізілуі бойынша  негiзгi және қосалқы үдерістер тексеріледі.

Iшкi аудит нәтижелерi бойынша негiзгi және қосалқы үдерістерінің қорытынды есептері жасалынып, университеттің  қызметiнiң жақсарту  бойынша шаралар жоспары Сапа бойынша Кеңестiң мәжiлiстерiнде қаралып, бекітіледi.

                          СМЖ бөлімінің мақсатЫ мен  міндетТЕРі (сол мерзімде тағайындалған)

 

 

 

 

8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           

м.ғ.к. Нұралиева  Ұлмира  Әуезханқызы

2011-2014 жылдар аралығында СМЖ бөлімінің бастығы

 

  • Ішкі аудиттерді дайындау қызметі бойынша жақты ұйымдармен жұмыс істеу және СМЖ сертификаттау.
Негізгі мақсаты. Университет бөлімшелерінде Сапа менеджмент жүйесін (СМЖ) жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Бөлімнің  қызметінің негізгі міндеттері:

  • СМЖ басқару;
  • Ішкі аудиттерді өткізу және ұйымдастыру, екінші, үшінші жақтан сыртқы аудит өткізуіне көмектесу;
  • Сапа бойынша Кеңеске басшылық тарапынан талдауға және СМЖ жұмыс істеуі жайлы есеп беру және дайындау;
  • Университет үдерістік және жүйелік жүйелеуді ендіру;
  • Университет СМЖ саласында шаралар жоспарының жобасын өңдеу және орындалуын бақылау;
  • Университет мекесінде сапа менеджмент саласында қызметкерлердің біліктілігін және ақпарат беру деңгейін жоғарылату;

 

 

Мекеме қызметтердің негізгі мақсаттарын орындау үшін төмендегі шаралар орындалады:

  • Ішкі және сыртқы университет тұтынушыларының қанағаттану көрсеткішін талдау: қызметкерлер, абитурент, студент, түлектер, магистрант, докторант, жұмыс берушілер;
  • Университеттің барлық құрылымдық бөлімшелеріне ішкі аудит жүргізу;
  • СМЖ ішкі аудит курсы бойынша университет қызметкерлерін іріктеу және сабақ беру;
  • Сапа менеджмент сұрақтары бойынша университет қызметкерлерін үйретіп, кеңес беру;
  • Сапа менеджмент сұрақтары бойынша СМЖ ішкі аудиторларын және бөлім қызметкерлерін квалификациясын жоғарылату
9

Бөлім менеджері  Жданова  Татьяна  Сергеевна;

 

Бөлім инспекторлары: Камаубаева  Айнур Болатовна, Сейсембай  Жадыра Саржанкызы;

Бөлім хатшысы:

Альменова Гулим Нурбакыткызы.

 

 

Сапа менеджмент жүйе бөлімімен байланысу мәліметі

 

Мекен-жайы : Қазақстан Республикасы,  050012,

Алматы қаласы, Толе би көшесі, 88

Тел: +7(727) 292-43-00, 292-69-69 ішкі.111

e-mail: [email protected]

орналасқан жері: ректорат, 227 кабинет

жұмыс істеу кестесі: (дүйсенбі-жұма)  9:00 – 18:00

үзіліс :13:00-14:00