Сайлау




04.04.2011

ҚР Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындылары бойынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 3 сәуір күні өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлаушылардың 95,5 пайыз дауысын жинады.

Мемлекет басшысының лауазымына таласқан Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясының хатшысы Жамбыл Ахметбековке сайлаушылардың  1,4 пайызы, Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізовке 1,2 пайызы, ал  Қазақстан Патриоттары партиясының төрағасы Ғани Қасымовқа 1,9 пайызы дауыс берген.