Мейірбикелік іс институты

1 2

Мейірбике ісі Институтының директоры, медицина ғылымдарының кандидаты

Қалмаханов Сүндетғали Беркінұлы

Директор орынбасары – Факультет деканы,

медицина ғылымдарының кандидаты Иванченко Нелля Николаевна

Мейірбике ісі Институты «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті» РМК Ғылыми Кеңесінің шешімімен (28.09.2014 жылғы №1 отырыс) құрылды.

Институт қызметінің мақсаты – республикалық және халықаралық стандарт талаптарына сай мейірбикелік іс бойынша ғылыми-білім беру және практикалық қызметтерді жетілдіру арқылы білім беру сапасын арттыру.

Институт қызметтерінің негізгі бағыттары:

-мейірбикелік іс саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;

-мейірбикелік білім беру саласын реформалау;

-практикалық қызметті реформалау;

-халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

-мейірбикелік мамандық консолидациясы және өзін-өзі басқару.

Институт құрылымына мейірбикелік іс Деканаты және мейірбике ісі оқу Департаменті кіреді. Институтта жоғары білікті мамандар жұмыс істейді және мамандарды сапалы даярлау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Қазіргі таңда Институт қабырғасында 200-ден астам мейірбикелік істі басқару саласының болашақ мамандары білім алуда.

Дипломнан кейінгі білім беру деңгейінде Институт «мейірбикелік іс» мамандығы бойынша магистратурада мамандар даярлайды. Бүгінгі күні даярланған 15 магистр түрлі денсаулық сақтау ұйымдарында мейірбикелік іс бойынша жетекшілік лауазымда, сонымен қатар республиканың аймақтық денсаулық сақтау басқармаларында бас маман болып жұмыс істеуде.

Оқытушылық-профессорлық құрам студенттерді клиникалық,  әкімшілік-басқарушылық және психологиялық-педагогикалық пәндер бойынша біртұтастыққа бейімдеп, болашақ мамандардың қажетті дағдылар мен білім алуына жағдай жасайды.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мейірбикелік іс жүйесін дамыту Концепциясын жүзеге асыру шеңберінде Институт қызметкерлерімен түрлі деңгейдегі мейірбикелер үшін міндетті компетенциялар әзірленді және менеджер-мейірбикелердің лауазымдық нұсқаулықтары халықаралық стандарттарға сай қайта қаралып, жетілдірілді.  Менеджер-мейірбикелер және түрлі деңгейдегі мейірбикелерге визитинг-профессорлар, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ тиісті теориялық және клиникалық кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамы білім береді.

Институт қызметкерлері ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыру және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Университетішілік грант шеңберінде ғылыми жобаларды орындауда.

Институт «Southampton» Университеті және «Dundee» Университетімен (Ұлыбритания), Карлов Университетімен (Чехия), Денсаулық ғылымдары Университетімен (Литва) тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.