Деканат тарихы

Шетелдік студенттер деканаты

1

Булыгин Константин Александрович

медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, факультет деканы

Кандидат медицинских наук, доцент,

декан факультета

Dean of foreign students

associated Professor, Candidate of Medical Sciences

BulyginKonstantinA.

 

 

 

Университетіміздегі шетелдік студенттермен жұмыс 1983 жылы басталды. Осы уақыттан бастап біздің университетіміз Ауғанстаннан, Моңғолиядан, Лаостан 30 шетелдік студент қабылдаған Қазақстанның тұңғыш жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Факультеттің алғашқы деканы, доцент Ш.А. Иктисамов(1983-1989) болды. 1985 жылы АММИ-да Шығыс Жер орта теңізі, Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия, Тынық мұхитының батыс бөлігі, Африка және Латын Америкасы елдерінен 120 шетелдік студент білім алды. КСРО құлағаннан кейін негізінен Оңтүстік-Шығыс Азиядан келген студенттер оқыды.

Әр жылдары шетелдік студенттер деканатын танымал ғалымдар, талантты ұйымдастырушылар, университет кафедраларының жетекші профессорлары мен доценттері басқарды: профессор Султанбаев Т.Ж. (1989-1991), профессор Идрисов А.А. (1991-1995), профессор Камалиев М.А (1995-2000), доцент Ни З.Н. (2000-2003), доцент Рыспекова Н.Н. (2003-2004), доцент Мустафина К.К. (2004-2013), доцент Иванченко Н.Н. (2013-2015). Бұлардың әрқайсысы да университетімізде шетелдік азаматтарды оқыту жүйесін жетілдіруге барынша мол үлес қосты.

2

Зиялы, адамгершілігі мол және мәдениетті тұлға қалыптастыру үшін университетте білім берудің барлық деңгейлерінде шетелдік студенттерді оқытудың ұтымды жүйесі әзірленген.

 

3

Дайындық бөлімінің бастығы

И.Е. Малаева

 

Начальник подготовительного отделения

Малаева И. Е.

 

Chiefofpreparatorydepartment

MalaevaI.E.

 

 

 

 

Шетелдік азаматтардың жоғары мектеп талаптарына бейімделуі үшін 1985 жылы дайындық бөлімі ашылды, мұнда бір жылдың ішінде қазақ және орыс тілдерін, Қазақстан тарихын, биология, химия, физика, информатика пәндерін меңгереді. Дайындық бөлімінің алғашқы бастығы, доцент Я.Р. Рахматуллин болды. 1991 жылдан бастап дайындық бөлімінің бастығы лауазымына О.Я. Сулейменова тағайындалды; 1994-1997 жылдары факультет басшысы И.В. Оспанбекова, 1997-1999 жылдары  доцент А.С.Ракишева, 1999-2005 жылдары В.П.Воднев болды.

Дайындық бөліміне алғашқы жылы Ауғанстаннан, Сириядан, Нигериядан, Филлипиннен, Чадтан және Суданнан 50 шетелдік азамат қабылданды. 1993 жылы дайындық факультеті тыңдаушыларының саны 200 адамға жетті. Ал 2005 жылы дайындықь факультетіне шетелдік азаматтарды қабылдау тоқтатылды, 2014 жылы Иорданиядан 43 тыңдаушы келген соң дайындық факультеті қайта жұмысын бастады.

Дайындық бөлімінің жұмысын жүргізуге тьюторлар мен кураторлар орасан зор көмек көрсетеді.

Бүгінгі таңда университетте Азия, Еуропа және ТМД елдерінің емдеу мекемелері үшін шетелдік азаматтар тарапынан мамандар даярлануда.

Университетте шамамен 1000-ға жуық студент білім алып жатыр. ОларҚытайдан, Оңтүстік Кореядан, Ираннан, Ирактан, Иорданиядан, Моңғолиядан, Ресейден, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан, Индиядан, Түрікменстаннан, Ауғанстаннан, Белоруссиядан, Сириядан және т.б. елдерден келді. Білім алушылардың басым көпшілігі ағылшын тілінде оқиды (шамамен 600-ге жуық студент), 86 студент мемлекеттік тілде, қалғандары орыс тілінде білім алуда.

Қазіргі таңда Араб елдерінен, Египет Республикасынан, Түркия Республикасынан, Иордания Хашимит Королдігінен, Кувейт мемлекетінен, Біріккен Араб әмірліктерінен, Катар мемлекетінен, Бахрейн Королдігінен, Ирак Республикасынан, Ливан Республикасынан, Ливия, Палестина және Сирия Араб Республикасынан 50 талапкер қабылдау үшін ЖШС «ADAM Сompany» компаниясымен меморандумға қол қойылды.

Университет кафедраларында ағылшын тілінде білім берудің мол тәжірибесі жинақталған. Бұл өз кезегінде шетелдік студенттердің Қазақстандық студенттермен бірге білім үдерісін ұтымды жүзеге асыруға ықпал етеді.