Ошанова Н.Т.,

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

 

Резюме   В статье рассматривается возможности совместного использования педагогических технологии и ИКТ.

 

ОПРЕДЕЛЕНИЕ КВАЛИФИКАЦИЙ ПРИ ОБУЧЕНИЙ С ПОМОЩЬЮ КООРДИНИРОВАНИЕ ПЕДАГОГИЧЕСКОЙ И ИНФОРМАЦИОННО-КОММУНИКАТИВНОЙ ТЕХНОЛОГИИ

Ошанова Н.Т., Жусипбекова Ш.Е.

 

Түйін  Мақалада педагогикалық технология мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үйлестіру арқылы оқытудың мүмкіндіктері қарастырылған. Осы оқыту барысындағы біліктіліктер анықталып, олар жан-жақты баяндалған.

 

Abstrakct This article is about possibilities of teaching with connection of pedagogical technology and communicative technologies. According to this teaching qualities are determined and reporfed.

Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуын білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, интернет, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана алуы тиіс.       Яғни, біз өмір сүріп отыған әлем – жаңару үстіндегі ақпараттық ілімдік орта. Олай  болса, педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың үйлесуі білім беру үдерісінің қажетті деңгейіне қол жеткізуі тиіс. Сондықтан білім беруге қойылатын талаптар  үнемі өзгеріп, қазіргі мамандар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға дағдылануы, ақпаратты тауып, өңдей білуі, шығармашылықпен ойлап, шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі тиіс.

Білім беру жүйесінің басты мақсаты – білім алушының оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды  үйлестіру арқылы оқытуды пайдалануға болады, сонда педагог өзі білетін, өзі жақсы меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады. Сондай-ақ, оқушы өзіне қажетті оқу материалдарын ақпараттық-коммуникациялық технологиялары арқылы іздеп таба отырып, толықтыра алады.

Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өзінің үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену үдерісін  тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тәуелді болады.

Мәселен, информатика пәні бойынша оқытылатын тарауларды оқытудың жобалау әдісімен оқыту барысында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктері мен жетістіктерін пайдалану оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты жақсартады.

Қазақстан Республикасында білім жүйесін реформалауда, оны ұлттық модель құруға бағыттау барысында парадигмалардың ауысуы орындалады. Жоғары мектептердің əлемдік білім кеңістігіне ену үдерісі педагогикалық технологияның жаңару қажеттілігін тудырады. Үйлестіру үдерістерінің қарқынды дамуы, кəсіби жəне академиялық тəжірибелердің өсуі оқыту əдістерінің тиімділігін арттырады.

Білімді ақпараттану үдерісі болашақ мамандардан ұдайы ізденуді, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кəсіби саласында қолдана білуге машықтануды, қажет ақпаратты ақпарат көздерінен таба білу мен өңдеуді, шығармашылықпен ойлауды жəне шешім қабылдауды талап етеді. Білімді ақпараттандыру ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім мақсатындағы құралдарын жасау, сараптау мен қолданудың ғылыми негіздерін қамтиды.  Бұл салада әлі шешілмеген мәселелер көп. Бұларға осы құралдардың оқу үдерісінің шынайлылығына сайлылығын, ақпараттандыру құралдары мазмұнының ғылыми деңгейін, мәндік және стилистикалық мәдениетін көтеруді, мектеп пен жоғары оқу орнының әртүрлі қызмет саласында іске қосылған білімді ақпараттандырудың жекелеген құралдары арасында интерфейстік, технологиялық және ақпараттық байланыстың қажеттілігін жатқызуға болады.

Оқу орындары үшін әртүрлі ақпараттық ресурстар мен технологияларды өндіру мен жинақтау педагогикалық сипатты бірқатар проблемаларды туындатады. Ең алдымен, педагогикалық мақсатты алуан түрлі ақпараттық ресурстарды жасаудың, жинақтап, іс жүзінде қолданудың, әлбетте, қандайда бір жүйесінің жоқтығын атап өтуге болады. Әдетте, мұндай құралдар өз ара ешқандай байланыссыз және бір ақпаратты ақталмастай қайталап,  мазмұндық және әдістемелік қайшылықтарға әкеледі. Бір оқу орнының шеңберінде пайдаланылатын ақпараттық құралдар, бүтіндей, әртүрлі әдістемелік және технологиялық әдіс-тәсілдерді талап етіп, оқушылардың білімі мен дағдыларына елеулі талаптар қояды, ал бұл оқу үдерісінің тиімділігіне теріс әсер етеді.

Ақпараттық білім ортасын қалыптастыру әрекеті көптеген жоғары оқу орындарында қолға алынуда, бірақ ол әрекеттер, әдетте, жекеленген ақпараттық құралдар мен технологияларды өзара үйлестірудің техникалық мәселелерін шешуге келтіріледі де, ақпараттандыру құралдарын пайдалануды сипаттайтын мазмұн мен әдістерді бірізділендіру мәселелері зерттеу шеңберінен тыс қалып қояды. Жүргізілген жұмыстар алдын ала мүмкін болатын теориялық аспектілерді ескере отырып жоспарланбайды. Жоғары оқу орнының ақпараттық білім ортасын жасамастан бұрын ортаны қалыптастыру бойынша барлық жұмысты жобалап, жүйеге келтіретін теориялық тұжырымдама міндетті түрде жасалынуы тиіс.

Педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үйлестіру арқылы оқыту

– сіздің мұғалім ретіндегі жұмысыңыздың тиімділігін арттыратын педагогикалық құралдар мен материалдарды жасауда ақпараттық технологияларды пайдалану біліктерін қалыптастырады;

–         сабақ берудің тиімділігін арттыру мен педагогикалық шеберлікті жетілдіру мақсатында жаңа біліктіліктер мен тәсілдерді сіз қалай қолданатыныңызды қамтиды.

Педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үйлестіру арқылы оқыту  пікірталастыру, топтық жұмыс, рефлексияны, жаттығуларымен және әрекеттер жоспарымен жекеленген жұмысты біріктіре қамтиды. Бұл формалардың барлығы пән мұғалімі ретінде еңбегіңіздің тиімділігін арттыруға көмектесуді көздейді.

Оқушыларға өзін өзі шыңдауда көмектесу үшін, оқушыларға ылғи да өзгермелі қоғам мен технологияларға бейімделуге көмектесетін, қажетті,  төменде келтірілген білім мен біліктіліктерді ескеруі қажет. Яғни, педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үйлестіру арқылы оқытудың негізгі біліктіліктері төмендегілер болып табылады:

  • Жауапкершілік және бейімділік — өз өмірінде, жұмыс орнында және қоғамдық өмірде жекелей жауапкершілік пен икемділік көрсету,  өзі мен басқа үшін жоғары мақсаттар қойып, оған жетуге ұмтылу, пікірлердің көпмәнділігі мен көптүрлілігіне төзімділікпен қарау.
  • Қатынас дағдылары  – ауызша, жазбаша және мултимедиалық хабарларды барлық алуан-алуан түрде және контексте қабылдау, түсіну, жасау және тарату біліктілігі.
  • Шығармашылық және танымдық қызығушылық— жаңа идеяларды дамыту, қолдану,  тарату, жаңа идеялар мен мүмкіндіктерді  қабылдауға ашықтық.

Сынай және жүйелі ойлау —баламаларды(альтернативтерді) саналы және дәлелді түсіну, күрделі жағдайда таңдай білу біліктілігі, жүйелер арасындағы өзара байланысты түсіну. Сынай ойлау біліктілігі  — ХХІ ғасырдағы оқытудың кілттік біліктілігі. ХХІ ғасырдың мұғалімі ретінде, қандай үдерістер оқушыларға жақсы, ойшыл болып өсуіне көмектесетінін жақсы түсінуге тиіссіз.  Білім беру саласындағы зерттеулерде күрделілік деңгейі әртүрлі ойлау түрлері бар екендігі бұрын мойындалған. Ойлаудың бұл түрлерін білу оқытудың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Сіз ойлаудың әртүрлі деңгейлерін танып біле алсаңыз оқушылардың оқып білгендерін тереңірек талдауына көмектесе аласыз.

  • Ақпараттық және медиалық сауаттылық біліктілігі —аудиовизуалды ақпараттың алуан түрлерін қабылдау,талдау, басқару, біріктіру, бағалау және жасау.

•   Өзара тұлғалық қарым-қатынастар мен бірлескен іс-әрекет біліктілігі  — командада басқару және жұмыс жасау, әртүрлі рөлді қабылдау мен өзіне жауапкершілік алу, басқа адамдармен өнімді жұмыс жасау, ұқсас емес пікірлерді сыйлау біліктілігі.

  • Мәселені идентификациялау, тұжырымдау және шешу  — мәселелерді саралау, талдау және шешу біліктілігі.
  • Өзіндік бақылау — өзінің білім саласындағы қажеттіліктерін түсінуі, қажетті ресурстарды таба алу біліктілігі, оқытуды бір білім саласынан  басқасына  көшіру.
  • Әлеуметтік жауапкершілік — жергілікті қоғамдастық мүдделері үшін жауапты әрекеттер, жеке, қоғамдық өмірде және өндірістегі этикалық тәртіп.

Оқытудың мақсатына жету бойынша жұмысты ұйымдастырудың үш тәсілі бар:

  • бәсекелестік: оқушылар біреуі немесе бірнешеуі қол жеткізетін мақсатқа жету үдерісінде кім күшті немесе кім  тез екендігін көру үшін бір-бірімен жарысады;
  • дербестік: оқушылар мақсатқа жету үшін жеке өзі жұмыс жасайды;
  • ынтымақтастық: оқушылар жалпы мақсатқа жету үшін бірлесіп жұмыс жасайды.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру  өте қажет», – деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында педагогикалық технология мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үдерісінде үйлестіру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Олай болса,  педагогикалық технология мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны үйлестірудің ерекшелігі   мыналар болып табылмақ:

–                жаңа ақпарат беру;

–                заманауи технологияны меңгерту;

–                іздендіру;

–                өз бетімен жұмыстарды орындату;

–                ой-қиялын, сынай ойлауын дамыту;

–                іскерлік пен дағдыны қалыптастыру;

–                қызығушылықты, ынта-ықыласты арттыру;

–                топпен жұмыс істеуді үйрету және т.б.

Қысқаша айтқанда, ғылым мен техниканың қазіргі даму барысында                  өндіріс және мәдени орындар мен мектептерге компьютердің енгізілуі тегіннен-тегін емес. Ол білім берудің ғылыми базасын және олардың өзара байланысын күшейте түсуді қажет етеді. Сонымен бірге, ғылымның, техника мен мәдениеттің даму барысында педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияны үйлестіру білім беру жүйесінің алға басуына ықпал етпек.

Әдебиеттер

1. Ошанова Н.Т. Білім беру жүйесінде коммуникациялық технологиялардың көмегімен оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыруВестник КазНПУ им.Абая, Алматы, №2(13), 2005г., 161-165б.

2. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуындағы ашық қашықтан білім берудің келешегі» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдар жинағы, Алматы, 2009ж., 21-22 қазан.

 

Поисковые слова: