7 мамыр – Отан қорғаушы күні мемлекеттік мереке болады – ҚР Президентінің бұйрығы

Жаңалықтар May 4, 2012 | 9,710 рет қаралған Пікірлер саны: 0

Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев  2012 жылғы 3 мамырда «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы» Бұйрыққа қол қойды.

БҰЙРЫҚ

 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы»  

Отан қорғаушы күні – 2012 жылы 7 мамырда тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштеріне 20 жыл толады.

Бұл күн – казақстандықтардың ерлікке толы шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын сипаттайды.

Қазақстан өз мемлекеттігін дамытудың 20 жылы ішінде әрдайым еліміздің корғаныс қабілетін нығайтуға, заманауи және кәсіби армия кұруға ерекше көңіл бөлді.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жауынгерлік даярлықтың жоғары қарқынды деңгейімен, сапалы жұмылдыру резервімен, үлттық әскери оқу орындары жүйесімен және қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен ерекшеленеді.

Біздің әскери қызметшілер жоғары кәсіби даярлық, үйлесімділік пен жауынгерлік дағды үлгісін керсетуде.

Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың құрметті міндеті, аға буынның батырлық және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриотизмнің жоғары адамгершілік мектебі ретінде қалыптасып отыр.

Қарулы Күштердің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында құрметті ардагерлерді, әскери қызметшілерді, сондай-ақ барша қазақстандықтарды мемлекетіміздің тарихындағы осы айтулы күнмен құттықтаймын.

Қазақстанның барлық халқына ашық аспан, өсіп-еркендеу мен бақ-береке, Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылуының 20 жылдығы құрметіне БҰЙЫРАМЫН:

1.  Қазақстан Республикасының Үкіметі 7 мамыр – Отан қорғаушы күнін  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  мерекесі деп  белгілеуді көздейтін   «Қазақстан  Республикасындағы   мерекелер  туралы»  Қазақстан Республикасының     Заңына     толықтыру     енгізу     туралы»     Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Парламентке енгізсін.

2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі:

1) еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамына алғыс жарияласын және көтермелесін;

2)  бұйрықтың мәтінін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің барлық жеке құрамына салтанатты жағдайда жеткізсін;

3)  7 мамырда Астана және Алматы қалаларында мерекелік отшашу жасасын.

 Қазақстан Республикасының Президенті -
              Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы
Н.Назарбаев

2012 жылдың 3 мамыры, Астана қаласы

 

Поисковые слова:

ВКонтакте Facebook Twitter Instagram YouTube Google+ Пікірлер саны: 0 “7 мамыр – Отан қорғаушы күні мемлекеттік мереке болады – ҚР Президентінің бұйрығы”

Пікір жазу

Loading
Copyright © 2014 ҚазҰМУ | www.kaznmu.kz Кеңсе: +7(727)338-70-90 Шұғыл байланыс: +7(727)292-43-00, info@kaznmu.kz жоғары