Posted & filed under Жаңалықтар.

14 наурыз 2012 жылы шет тілдер кафедрасында «Неміс  халқының салт-дәстүрі» деген тақырып бойынша факультативтік іс-шара өткізілді. Жауапты оқытушылар Еленова А.К., Турумбаева Р.Р. және 11-007 топ жалпы медицина факультетінің студенттері. Іс-шараның мақсаты: студенттерге неміс халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін таныстыру, олардың көзқарасын, ой-санасын дамыту және мәдениетаралық коммуникацияны қалыптастыру.

  • DSC08534 150x150 «Неміс халқының салт дәстүрі» деген тақырып бойынша факультативтік іс шара өткізілді
  • DSC08531 150x150 «Неміс халқының салт дәстүрі» деген тақырып бойынша факультативтік іс шара өткізілді
  • DSC08523 150x150 «Неміс халқының салт дәстүрі» деген тақырып бойынша факультативтік іс шара өткізілді
  • DSC08521 150x150 «Неміс халқының салт дәстүрі» деген тақырып бойынша факультативтік іс шара өткізілді

Студенттер неміс халқының салт-дәтүрі, әдеп-ғұрыптары жайында және Германиядағы карнавал мерекесі қалай өткізілетінін, оның  Бразилияда өткізілетін карнавалдан ерекшіліктерін айтты. Неміс тілінде әндер мен билер және қойылымдар көрсетілді. Мәдени қарым-қатынас аясында студенттердің өз пікірлерін еркін айтуын, сұхбаттасумен және өз ұстанымдарын дәлелдей отырып, дипломатиялық қатынастары тексерілді.

Аудитория плакаттар, стенділермен және түрлі-түсті шарлармен безендірілді. Студенттер ұлттық костюмдер мен маскалар киді.

Жалпы медицина факультетінің студенті Мунирова Саяраның дайындаған видеоклипін студенттер үлкен қызығушылықпен тамашалады.

Сабаққа белсенді қатысып, карнавалдық костюм киген студеттерді кафедра меңгерушісі, доцент Сулейменова О.Я. және кафедра завучы, аға оқытушы Садыкова А.А. құттықтап, іс-шараға қатысушылардың барлығына сыйлықтар мен неміс тіліндегі кітаптарды табыс етті.

Іс-шараның қорытындысы бойынша 3 жеңімпаз анықталды:

1 – орын: 11-007 топтың студенті Қызырбек Айгүл.

2 –орын: 11-007 топтың студенттері Қожахметқызы Ляйля және Тлеужан Аруана.

 

Осындай іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілуі студенттердің шет тіліне қызығушылықтарын арттырады және олардың шығармашылық шабыттылықтарының, тілдік компетенцияларының дамуына үлкен әсер еттетіні байқалады.

 

 

Шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы А.А.Садыкова

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>