Егде жастағы мүгедектер

Дәрiгерлiктiң құқығы және мiндеттерi September 20, 2011 | 1,083 рет қаралған Пікірлер саны: 0

Халықты әлеуметтік қорғау қызметіндегі бағыттардың бірі егде жастағы азаматтар мен мүгедектер үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде бекітілген экономикалық, әлеуметтік және құқықтық кепілдіктер болып табылады.

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты:

  1. мүгедектікті алдын алуға;
  2. әлеуметтік қорғауға, соның ішінде мүгедектерді оңалтуға;
  3. мүгедектерді қоғамға жақындастыруға бағытталған.

Егде жастағы азаматтар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қызмет адамның және азаматтың құқықтарын сақтау; әлеуметтік қызмет көрсету саласында мемлекеттік кепілдіктерді ұсыну; әлеуметтік қызмет көрсетуді алуға тең мүмкіндіктерді және мүгедек қарттар үшін олардың қол жетімділігін қамтамасыз ету; мүгедек қарттардың жеке қажеттіліктері үшін әлеуметтік қызмет көрсетуге бағыт сілтеу; мүгедек қарттардың әлеуметтік бейімделу шараларының басымдығы; билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен мекемелерінің , сондай-ақ лауазымды адамдардың әлеуметтік қызмет көрсету саласында мүгедек қарттардың құқықтарын қамтамасыз етудегі жауапкершілігі қағидаттарына негізделеді.

Мүгедек қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету халықты әлеуметтік қорғау органдарына ведомстволық бағынысты мекемелердің шешімі бойынша немесе өзге меншік нысанындағы әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерімен әлеуметтік қорғау органдары жасасқан шарт бойынша жүзеге асырылады.

Әлеуметтік қызмет көрсетулерді алған кезде мүгедек қарттардың әлеуметтік қызмет көрсету мекемесі қызметкерлерінің тарапынан құрметтелуге және ізгі көзқарасқа; әлеуметтік қызмет көрсетудегі өзінің құқықтары, міндеттері мен шарттары туралы ақпаратқа; әлеуметтік қызмет көрсету үшін келісуге; әлеуметтік қызмет көрсетуден бас тартуға; әлеуметтік қызмет көрсету кезінде әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінің қызметкерліне белгілі болған жеке сипаттағы ақпараттың құпиялылығына; өз құқықтары мен заңды мүдделерінің сот тәртібімен де қорғалуына; әлеуметтік қызмет көрсету түрлері мен нысандары, оны алудың көрсеткіштері мен олардың төлеу шарттары, сондай-ақ оларды ұсынудың басқа да шарттары туралы ақпарат алуға құқығы бар.

2006 жылдан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі құрылып, жүргізілетін болады.

Бөгде адамдардың күтіміне және көмегіне мұқтаж мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі республикада интернат-үйлері мен үйде әлеуметтік көмек бөлімшелері желісін қамтиды. Қазіргі кезде 79 интернат үйі жұмыс істейді. Оның 35-і қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат-үйі, 26-ы жүйке-неврологиялық сырқаттарға, ал 17-сі ақыл-есі кем мүгедектерге арналған. Үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді 399 бөлімше мен 7 аумақтық орталық жүзеге асырады. Ола 34 мыңнан астам мүгедектер мен жалғыс ілікті қарттарға қамқорлық жасайды.

Әлеуметтік қызмет көрсету осыған құқығы бар адамдарға меншік нысанына қарамастан, үйде немесе әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінде ұсынылатын әлеуметтік қызмет көрсетулердің жиынтығын (күтім, тамақтандыру, медициналық, құқықтық, әлеуметтік-психологиялық және заттай түрде көмек алу, кәсіби дайындауға, жұмысқа орналастыруға, әдет-ғұрыптық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға көмек және басқалары) қамтиды.

Мүгедек қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету тұрақты, сондай-ақ уақытша негізде де жүзеге асырылады: әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінің күндізгі бөлімшесінде жартылай стационарлық әлеуметтік қызмет көрсету; әлеуметтік қызмет көрсетудің стационарлық мекемелерінде (интернат-үйлерде, пансионаттарда және олардың атауына қарамастан, басқа да әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінде) стационарлық әлеуметтік қызмет көрсету; мерзімді медициналық қызмет көрсету; (әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетуді қосқанда) үйдегі әлеуметтік қызмет көрсету .

Мүгедектерге көрсетілетін үйдегі әлеуметтік қызмет көрсетулердің қатарына: үйге тағамдарды жеткізуді қосқанда, тамақтандыруды ұйымдастыру; дәрі-дәрмектерді, бірінші кезектегі қажетті азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сатып алу; медициналық көмек алуға жәрдемдесу, соның ішінде медициналық мекемелерге ілесіп апару; гигиеналық талаптарға сай тұратын жеріне жағдай жасау; заңгерлік көмекті және өзге де құқықтық қызмет көрсетулерге жәрдемдесу; әдет-ғұрыптық қызмет көрсетулерді ұйымдастыруға жәрдемдесу; басқа да үйдегі әлеуметтік қызмет көрсетулер жатады.

Стационарлық әлеуметтік қызмет көрсету өз-өзіне қызмет көрсету қабілетінен ішінара немесе толық айырылған және денсаулық жағдайымен ұдайы күтім мен қадағалауға зәру мүгедек қарттарға жан-жақты әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсетуге бағытталған. әлеуметтік қызмет көрсетудің осы нысаны мүгедек қарттар үшін жасына және денсаулығының жай-күйіне қарай тұрмыс-тіршілігіне жағдай жасау шараларын, медициналық, әлеуметтік және емдік-еңбек сипатындағы оңалту іс-шараларын, күтім мен медициналық көмекті қамтамасыз етуді, олардың демалыстары мен бос уақыттарын ұйымдастыруды қамтиды.

Жартылай стационарлық әлеуметтік қызмет көрсетуге стациоонарлықтан айырмашылығы бойынша мүгедектердің барлық санаты бірдей жата бермейді. Оған өзіне-өзі қызмет көрсету және белсенді қимылдау қабілетін сақтаған, әлеуметтік қызмет көрсету үшін есепке алуға медициналық жағынан қарама-қарсы көрсеткіші жоқ мүгедек қарттар қабыладанады. Жартылай стационарлық әлеуметтік қызмет көрсетуде мүгедек қарттарға әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық және мәдени қызмет көрсетуді, олардың тамақтандырылуын ұйымдастыруды, демалуды, олардың еңбек қызметіне қатысуын ақамтамасз етуді және белсенді тұрмыс салтын қолдауды қамтиды.

2005 жылы «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заң қабылданды. Оның іске асырылуына байланысты протездік-ортопедиялық көмектен басқа, бірінші кезекте мүгедек қарттардың санаторилық-курорттық емделуіне, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізілуіне, жеке оңалту бағдарламаларына, әлеуметтік қызмет көрсетілуіне, мұқтаж адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жіне жеке көмекшілер беруге көңіл бөлінеді.

Тұрғын үйлер мен қоғамдық өндірістік ғимараттар салу кезінде мемлекеттік органдардың ақпараты бойынша мүгедектердің проблемасы ескеріледі. Олардың үй-жайларға кіруіне жеңілдету үшін барлығы жасалуда. Кіре-беріс жолдары, пандустар, мүгедектерге арналған арбалардың құрылғылары қайта жасалып, синхронды дыбыс дабылдары бар арнайы бағдаршамдар, жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылуда.

Сонымен бірге, өмірдің шындығы бөлек. Әрбір әлеуметтік объектіге немесе тұрғын үйге мүгедектер жете бермейді. Синхронды дыбыс дабылдары бар арнайы бағдаршамдар, жол белгілері мен нұсқағыштар негізінен орталық көшелерге орнатылған. Бүгінде қабылданып жатқан шаралар мәнісі бойынша жартыкеш. Қала көшелерінде бөгде адамның көмегінсіз жүре алмайтын мүгедектерді кездестіре алмайсыз. Өйткені олар қоғамдық көлік қызметтерін пайдалана алмайды, биік тротуардан өзі түсіп немесе бағдаршамдары дыбыс дабылдарымен жабдықталмаған көшені кесіп өте алмайды.

1) Оңалту бағдарламалары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 17 қаулысымен бекітілген Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған республикалық бағдарламасы (оны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен 23,2 миллион теңге көзделген) және әкімнің шешімдерімен бекітілетін мүгедектерді ңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламалары жұмыс қолданылады.

Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған республикалық бағдарламасына сәйкес:

  • мүгедектерді кресло-арбалармен қамтамасыз етуге 313,8 млн. теңге;
  • санаторлық-курорттық ем ұсынуға – 1098, 3 млн. теңге;
  • протездік-ортопедиялық көмек пен бұйымға – 1480, 6 млн. теіге;
  • тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етуге – 268, 4 млн. теңге;
  • сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етуге – 677, 8 млн. теңге көзделген.

Мүгедектерді оңалту – ағза функциялары бұзылғандық денсаулығы нашарларған тұрмыс тіршілегіндегі шектеулерді жоюға немесе барынша толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық іс-шара. Мүгедектердің әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру, олардың материалдық тәуелсіздікке және әлеуметтік бейіімделуіне қол жеткізу оңалту мақсаты болып табылады.

Мүгедектері оңалту медициналық оңалтуды, кәсіби оңалтуды, әлеуметтік оңалтуды қамтиды. Медициналық ңалтуды қалпына келтіру терапиясынан, реконструктивті хирургиядан, протездеу мен ортезир тұарды. Мүгедектерді кәсіби оңалту кәсьи бағдардан, кәсіби білімнен, кәсіби-өндірістік бейімделу мен жұмысқа орналастырудан тұрады. әлеуметтік ортадағы бағдар мен әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу мүгедекті әлеуметтік оңалтуды қамтиды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы № 286-б бұйрығымен Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесі бекітілді.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы (ЖОБ) – медициналық-әлеуметтік кмоиссияның шешімі негізінде әзірленген ағзаның бұзылған немесе жойылған функцияларын қалпына келтіруге, орнын толтыруға, мүгедектің белгілі бір қызмет түрін орындау қабілетінің орнын толтыруға бағытталған медициналық, кәсіби және басқа да оңалту шараларын іске асырудың жекелеген түрлерін, нысандарын, көлемдерін, мерзімдері мен тәртібін қамтитын мүгедектерге арналған оңтайлы оңалту іс-шаралар кешені.

Оңалтудың медициналық жағын денсаулық сақтау ұйамдары мен басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.

Мүгедектерді оңалтудың әлеуметтік бөлігін медициналық-әлеуметтік мекемелер (қарттарға, мүгедектерге арналған интернат-үйлері), қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетудің аумақтық орталықтары, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері, арнайы білім беру ұйымдары (психологиялық, медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері) мен басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.

Оңалтудың медициналық бөлігі ойдағыдай өтіп жатса да, әлеуметтік бөлігі өте төмен деңгейде.

Егде адамдар арасында мүгедектердің санын азайту мақсатында дене, ақыл-есе, психикалық және сенсорлық ақаулардың пайда болуын болдырмауға және ақаудың тұрақты функционалдық шектеуге немесе мүгедектікке ауысуын болдырмауға бағытталған белсенді алдын алу шараларын жүргізу қажет.

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу мен оңалтуды жүргізу әдістері жетілдіруді қажет етеді.

Қазақстан Республикасында мүгедектерді оңалтуға арналған мамандандырылған медициналық оңалту орталықтарының ролін аумақтық әлеуметтік қамтамасыз ету орталықтарының күндізгі бөлімшелері мен көпбейінді медициналық мекемелер (ауруханалар, амбулаториялар, емханалар) орындайды.

2. Жәрдемақы, өтемақы, жеңілдіктер

Мүгедектерді материалдық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда түрлі негіздер бойынша (зейнетақы, жәрдемақы, денсаулығына келтірілген залалды өндіру есебінен төлемдер) ақша төлемдерін қамтиды.

1998 жылдан бастап «Қазақстан Республикасында мүгедектігі, асыраушысынан айырылуы бойынша және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектігі бойынша джәрдемақының мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК)еселенуіне сәйкес айқындалады, ал оларды көбейту оны индекстеу есебінен жүргізіледі.

Жалпы аурулар бойынша мүгедектігі ойынша жәрдемақы мөлшері 2004 жылы І топтағы мүгедектер үшін – 7720 теңгені; ІІ топтағылар үшін – 5882 теңгені, ІІІ топтағылар үшін – 3309 теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес 2005 жылы жәрдемақылар көбейтілдіҮ І топтағы мүгедектерге – 3 АЕК (2895 теңгеге);
ІІ топтағы мүгедектерге – 2,5 АЕК (2412, 5 теңгеге), ІІІ топтағы мүгедектерге –
2 АЕК (1930 теңгеге). Соның нәтижесінде 2005 жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 6700 теңгеге немесе 50 % өсті. Бір мезгілде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына арнайы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 15 АЕК-ке дейін өсіп, 30 мың теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық қолдау көрсетілді.

Мүгедек қарттар жергілікті атқарушы органдардың шешімімен белгіленетін жеңілдіктерді пайдалана алады.

Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерге мәдени-көрініс іс-шараларына кіру үшін, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін спорт кешендеріне кіруге, арнайы спорт құрал-жабдықтарын беруге жағдай жасауға тиіс. Бірінші және екінші топтағы мүгедектер бюджет қаражатының есебінен санаулы қызмет көрсетулерді пайдаланады, ал үшінші топтағы мүгедектер көрсетілген қызмет құнының 50 пайызын төлеумен шектеледі.

«Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің 2006-2007 жылдарға арналған тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 1296 қаулысына сәйкес ишемиялық аурумен, артериалды гипертониямен, язвалық аурумен және пневмониямен диспансерлік есепте тұрған мүгедектер республикалық бюджеттен 50 % жеңілдікпен дәрілік препараттпен қамтамасыз етіледі.

Мүгедек қарттарға әкімнің шешімімен моншадағы, шаштараздағы қызмет көрсетулер, қоғамдық көлікте жүргендері өндіріледі. Облыстық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының жанынан жан басына шаққандағы табысын әр мүшеге бөлгенде күнкөрістің ең төмен деңгейінен төмен отбасылардағы егде жастағы азаматтар мен мүгедектер үшін жеңілдетілген бағамен бірінші кезекте қажет азық-түлік және өнеркәсіптік тауарларды сату дүкендерін ашуға болады.

Сонымен бірге сапалы әрі тиімді дәрі-дәрмек пен арнайы құралдарға шығыстар барлық мүгедек қарттардың бюджетіндегі шығыстардың ең жоғарғысы болып қалуда. Жәрдемақылардың, жеңілдіктер мен өтемақылардың мөлшері мүмкіндігі шектеулі адамдардың барлық қажеттіліктерін өтей бермейді және құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда жеткілікті деңгейді қамтамасыз етпейді.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімімен кәсіпорындардағы жалпы жұмыс орындарының санынан үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота бөлінген (мысалы, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 19 маусымдағы, «Астана қаласы мүгедектері үшін жұмыс орындарының квоьасын белгілеу туралы» Астана қаласының
2006 жылғы 29 мамырдағы, «Ақтөбе қаласы мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Ақтөбе қаласының 2006 жылғы 28 сәуірдегі, «Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудің қосымша шаралары туралы» ақтөбе облысының 2006 жылғы 24 ақпанадағы, «Солтсүтік Қазақстан облысында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота бөлу ережесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысының 2005 жылғы 22 қазандағы қаулылары).

Егде жастағы мүгедектер

Поисковые слова:

ВКонтакте Facebook Twitter Instagram YouTube Google+ Пікірлер саны: 0 “Егде жастағы мүгедектер”

Пікір жазу

Loading
Copyright © 2014 ҚазҰМУ | www.kaznmu.kz Кеңсе: +7(727)338-70-90 Шұғыл байланыс: +7(727)292-43-00, info@kaznmu.kz жоғары